Цой ковидқа қарсы ревакциналаудың болжамды мерзімін атады
ҚР ДСМ
Иә, біз ревакцинацияны жоспарлап отырмыз - министр.
Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы ревакциналау биыл қазан айында басталады. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz.
Telegram-арнада ҚР Денсаулық сақтау министрінің видеосы жарияланды.
Иә, біз ревакцинацияны жоспарлап отырмыз. Енді біз өз әдістерімізді анықтаймыз. Білесіз бе, ревакцинация ұғымы екі түрлі болады. Біріншісі, шұғыл жасалатын, ұжымдық иммунитет алынғанша - 60-70%. Жоспарлы ревакцинация деген бар, ол әдетте жылына бір рет жасалады. Яғни, біз қазір тарқатып осының бәрін қарастырып жатырмыз, өйткені Қазақстан вакциналауды кейінірек бастады, ақпаннан бастап. Негізгі масса бір уақытта - маусым-шілде айларында вакциналанды. Сондықтан бізде әлі де антиденелер бар, негізінен жаңа, деңгейі жоғары. Сондықтан, мүмкін, шамамен тоғыз айдан кейін, екінші дозаны алғаннан соң, ол біздің күнтізбеге қосылады. Енді біз осы бағытта шешім қабылдаймыз, мәселені әріптестерімізбен бірге қарастырамыз, - деді Алексей Цой.
Бірақ, министр атап өткендей, негізінен өткен жылы вакцина алған елдер ревакцинация туралы айта бастады.
Бұл негізінен Израиль, Америка Құрама Штаттары, олар өткен жылы вакциналау бағдарламасын бастады, оның ішінде Ресей де бар. Олар вакцинаның алғашқы дозасын алғанына, айталық, тоғыз айдан астам уақыт өтті. Сондықтан, біз үшін бұл кезеңде, бәлкім, ревакцинация бұл өзекті болады, мүмкін қазан айына таман. (...) Бұл - шамамен 1 қазан, - деді министр.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript