85 400 деген қауесет тарауда. Қазақстанда мұндай субсидия жоқ

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.08.2021 17:36 zakon.kz
Желіде жұмыссыз азаматтар мен табысы төмен қазақстандықтар 85 400 теңге мөлшерінде мемлекеттік экономикалық субсидияларға өтінім бере алатындығы туралы ақпарат жүр.

Әлеуметтік желіде жұмыссыздар мен табысы төмен қазақстандықтар мемлекеттен экономикалық субсидия алуға өтініш бере алатыны туралы ақпарат белсенді бөлісіліп жатыр. ҚР Еңбек министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды zakon.kz.

Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде таратылып жатқан, жұмыссыз азаматтар мен табысы төмен қазақстандықтар 85 400 теңге мөлшерінде мемлекеттік экономикалық субсидияларға өтінім бере алатындығы туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстанда мұндай субсидиялар жоқ екенін хабарлайды, делінген ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарламасында.

Құзырлы ведомства азаматтардан жалған ақпаратқа назар аудармауды және ақпаратты тек ресми көздерден ғана алуды сұрайды.

Жалған ақпаратты тарату заң бойынша жазаланатынын еске саламыз, делінген ресми хабарламада.



Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: