Жаңалықтар тізбегі
0

Желіде алаяқтар іс жүзінде жоқ қордың атынан көмек ұсынуда

Әлеуметтік желі, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.08.2022 21:52 Сурет: pixabay
Әлеуметтік желіде 2022 жылғы 20 тамызда «Қ.Тоқаев атындағы әлеуметтік қордан» әлеуметтік көмек көрсету туралы жарлыққа қол қойылғаны туралы ақпарат тарауда. Бұл көмекке мұғалімдер, медицина қызметкерлері және мемлекеттік қызметкерлер жүгіне алатындығы айтылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

«Қазақстан халқына» қоғамдық әлеуметтік қоры бұл ақпаратты жоққа шығарды. Ал президенттің атында Қазақстанда ешқандай әлеуметтік қор жоқ. Тек «Қазақстан халқына» қоғамдық әлеуметтік қоры бар. Ол қиын жағдайға тап болған қазақстандықтарға қол ұшын созады. Көмек үміткерге ресми сайт арқылы берілген өтініші мақұлданғаннан кейін ғана ұсынылады. Әдетте, жәрдем ақшалай емес түрде көрсетіледі. Қор емделуге, оқуға, дәрілік заттарды сатып алуға қаржы береді.

Мұндай хабарламалар – алаяқтардың ісі, жеке деректерді иемденудің амалы. Бұған дейін қазақстандықтарға «Қазақстан халқына» қоры қызметкерлерінің атынан қоңыраулар түсіп, көмек ұсынылған болатын. Қор өзінің ресми сайтында бұл ақпаратты жоққа шығарды.

“Қазақстан халқына” қоры қаржылық көмек көрсетпейді. Азаматтардан қауесеттерге сенбеуге және алаяқтық ұйымдар тарапынан арандатушылыққа бой алдырмауға шақырамыз. Қор қызметкерлері СМС-код ұсынуды сұрамайды. Алаяқтарға ешқандай ақпарат бермеулеріңізді және 1414 нөмірінен келіп түскен кодтарды үшінші тұлғаларға айтпауларыңызды өтінеміз. Сондай-ақ қор мессенджерлер арқылы видео-аудиоқоңыраулар жасамайды. Барлық өтінімдер тек qazaqstanhalqyna.kz сайты (сайтқа сілтеме профильде ұсынылған) және atamekenim.kz қайырымдылық ұйымдарының бірыңғай тізілімі арқылы ғана қабылданады, сол жерде пайдаланушы өз өтінішінің мәртебесін де біле алады», – делінген «Қазақстан халқына» қорының сайтында.

Таралған ақпарат мәтінінде айтылған 2022 жылғы 20 тамыздағы әлеуметтік көмек бойынша төлем жасалатыны туралы жарлық та жоқ. Akorda.kz сайтында «Құқықтық актілер» бөлімінде де мұндай құжат жоқ.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: