Желіде қазақстандықтардың несиесін есептен шығару туралы фейк тарап жатыр
Сурет: pixabay
Желіде тараған видеода Қасым-Жомарт Тоқаев тұтыну несиелерінің 90%-ын есептен шығару туралы жарлыққа қол қойғаны жазылған. Бұл ақпарат жалған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ақпараттың сенімсіз екенін Stopfake.kz хабарлады.
Қазақстан президенті мұндай жарлыққа қол қойған жоқ. Оның үстіне видеоның өзі мемлекет басшысының жарлығы туралы емес, бұған дейін Қаржы вице-министрі Марат Сұлтанғазиев түсіндіріп берген жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заң жобасына қатысты, – делінген хабарламада.
Жобада несиенің 90%-ын есептен шығару қарастырылмаған. Ол халықтың төлем қабілеттілігін қалпына келтіруге және адал қарыз алушыларға көмектесуге арналған.
Атап айтқанда, заң жобасында тұрақты табыс болған жағдайда бес жылға дейінгі қарызды өтеу үшін бөліп төлеу жоспарын сот тәртібімен алу мүмкіндігі қарастырылған. Егер борышкердің тұрақты табыс көзі болмаса, онда жоба екі нұсқаны қарастырады: соттан тыс және сот банкроттығы.
Мұндай тақырыптар пайдаланушылардың назарын аудару және оларға жаңалықтарды немесе бейнелерді көбірек көруді үйрету үшін жасалған. Көбіне мұндай ақпарат әдейі бұрмаланып, фактілері әсірелетіліп беріледі, – делінген хабарламада.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript