Елордалық әккі алаяқ экономист-маманның өзін сан соқтырған

zakon.kz zakon.kz
Нұр-Сұлтан қаласының 27 жастағы тұрғыны бизнес ашамын, соған үлескер боласын деген желеумен Ақтөбе мұнайы компаниясының бір экономисіне тиесілі 3 миллион теңгені иемденіп кеткен.

Ақтөбелік экономист алаяққа сенемін деп, 3 млн теңгесінен айырылды, деп хабарлайды zakon.kz.

Полицияның мәліметінше, 2020 жылдың тамызында Нұр-Сұлтан қаласының 27 жастағы тұрғыны бизнес ашамын, үлескер боласын деген желеумен Ақтөбе мұнайы компаниясының бір экономисіне тиесілі 3 миллион теңгені иемденіп кеткен.

Сонымен қатар, тағы бір іс анықталды. 43 жастағы әйел полиция көмегіне жүгініп, мамыр айының соңында танысы құрылыс материалдарын жеткізіп беремін деп алдап, 3 миллион теңгесін иеленгенін айтты. Алайда, жәбірленуші сондан кейін ешқандай құрылыс материалдарын да, ақшасын да көрмегенін жеткізді.

Осы фактілерге сәйкес, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы, "Алаяқтық" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Азаматтардың көпшілігі пайданы көздеп, қарапайым сақтықты ұмытып кетеді. Мұндай жағдайларда азаматтар өте мұқият болуы керек, нотариалды куәландырусыз біреуге ақшаны сеніп беруге болмайды, - деді Ақтөбе облысы ПД басшысы Атығай Арыстанов.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз