Алматы полициясы такси паркін ашамын деп таныстарын алдаған азаматты құрықтады

Алматы полициясы такси паркін ашамын деп таныстарын алдаған азаматты құрықтады  , сурет - Zakon.kz жаңалық 16.08.2023 16:16 Сурет: Zakon.kz
27 жастағы Жамбыл облысының тұрғыны такси паркін ашамын деген желеумен таныстарын сан соқтырып кеткен. Күдікті айналасындағыларды такси паркін ұйымдастыруды жоспарлап отырғанына сендірген.

Бірақ жолаушылар тасымалымен қамтамасыз ету үшін оған автокөліктер қажет болған. Бірнеше танысы көліктерін таксопаркке беруге және келісім бойынша көліктерін пайдаланғаны үшін дивидендтерін алуға келіскен. Шындығында, мүлдем басқаша әрекет болған.

"К.есімді азамат автокөліктерді алғаннан кейін үшінші адамдарға сатып, түскен ақшаны өзі иемденген. Осылайша уәде етілген такси паркі бір күн де ​​жұмыс істемеген. Алданған азаматтар көмек сұрап бізге жүгінді. Күдікті қамауға алынды. Оның әрекеті ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сараланады. Тергеу жалғасып жатыр", — деді Бостандық аудандық ПБ-ға қарасты полиция бөлімі бастығының орынбасары Камал Келеспаев.

Бүгінде полицейлер ұсталған адамның басқа да ықтимал эпизодтарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр. ҚР ҚПК-нің 201 бабына сәйкес өзге ақпараттар тергеу мүддесіне орай жариялауға жатпайды.

ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР ҚПК-нің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, заңды күшіне енген сот үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам қылмыстық құқық бұзушылық жасауда кінәсіз деп танылады.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: