Алматыда қуарған шөпті аумақ өртенді
видеодан алынды
Өрттің тұрғын үйлерге таралу қаупінің алды алынды.
Алматыда қуарған шөпті аумақ өртенді, деп хабарлайды zakon.kz.
12 тамызда Бостандық ауданы, "Нұр Алатау" ықшам ауданы, 1859 үйдің жанындағы қуарған шөптің өртеніп жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Дереу Алматыдағы төтенше жағдайдың күштері мен құралдары шұғыл дабыл белгісімен көтеріліп, оқиға орнына аттанды. Оқиға орнында жеткенде тау етегіндегі 1 гектар аумақтағы қуарған шөптің өртеніп, оттың жеке тұрғын үй секторына ұласу қаупі туындағаны анықталды. Отты өшіру тау беткейінің рельефіне байланысты біршама қиындық туғызды, - деп хабарлады Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаментіндегілер.
Өртті сөндіруге 50 адам мен 13 техника жұмылдырылды.
Өрттің тұрғын үйлерге таралу қаупінің алды алынды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript