Алматыда "Оптовка" базары өртенді

Өрт, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.08.2022 16:51 Сурет: Zakon.kz
Қызыл жалынның жапсарлас орналасқан екіқабатты "Сабыржан" дүкенінің ғимаратына таралу қауіпі туындады, деп хабарлайды Zakon.kz.

28 тамызда сағат 15-42-де келіп түскен хабарламаға сәйкес, өрт сөндірушілер жоғары дәрежедегі шақырту бойынша Алмалы ауданы, Райымбек көшесі, 212д/2 мекен-жайына аттанды.

Сурет: Zakon.kz

Оқиға орнына сағат 15 :49-да келіп жеткен өрт сөндірушілер бір қабатты сауда бутиктері мен дәмхана өртеніп жатқанын анықтады, қызыл жалынның жапсарлас орналасқан екіқабатты "Сабыржан" дүкенінің ғимаратына таралу қауіпі туындады. Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметі

Сурет: Zakon.kz

Өртті сөндіру үшін оқиға орнында екі учаскесі құрылды, өрт оқпандары іске қосылды, суды үздіксіз беру қамтамасыз етілді. Қабылданған шаралардың арқасында өрт 25 минутта, сағат 16:16-да ауыздықталып, 16:31-де толығымен сөндірілді.

Сурет: Zakon.kz

Айта кетейік, Алматы қаласы ТЖД жеке құрамы мереке күндері күшейтілген қызмет режиміне көшкен.

Сурет: Zakon.kz

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: