Алматыда Көк базар жанындағы кафенің бірі өртенді

Хабар 24, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.12.2019 20:50 Хабар 24
Қазіргі таңда қызыл жалын ауыздықталды.

Алматыда Көк базар маңында кафе өртенді. Төтенше жағдай бүгін таңертең орын алған, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Өрт сөндірушілер оқиға орнына 8 минутта жеткен.

"Оқиға орнына келгенде 2-қабатты ғимаратта орналасқан кафенің өртеніп жатқаны анықталды", - деп хабарлады ТЖД өкілдері.

Қазіргі таңда қызыл жалын ауыздықталды.

"Өрт 52 минут ішінде толықтай сөндірілді. Қызыл жалын 80 шаршы метрді шарпыған. Отты сөндіруге 7 техника, ТЖД-ның 22 қызметкері жұмылдырылды", - деді Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: