Биыл 300 мың оқушы мемлекет тарапынан көмек алады

zakon.kz zakon.kz
Әр оқушыға 40 мың теңге.

300 мың оқушы мектепке қажетті заттарды тегін алады. Ол үшін арнайы санатта болуы қажет. Мәселен, елордалық балаларға 40 мың теңге, Шымкентте – 30 мың теңге, Алматыда – 35 мың теңге көлемінде көмек берілсе, өзге өңірлерде шамамен 27 мың теңге! Жалпы бұл қаражатты ата-ана қайда барып жұмсайды, оған қандай заттар тиесілі? Бұл туралы "Еуразия" бірінші арнасы хабарлайды.

Жаңа оқу жылы басталуына 18 күн қалды. Осы ретте тұрмысы төмен отбасыдан шыққан балаларға жыл сайын берілетін көмек тағайындалатыны белгілі. Мәселен, бас қалада әр оқушыға - 40 мың теңгеден беріледі. Қалалық білім басқармасы биыл 15 мыңға жуық оқушы әлгі көмекке қол жеткізетінін айтады.

Мадина Сүлейменова, қалалық білім басқармасы басшысының орынбасары міндетін атқарушы:

Осындай әмиян карталары болады. Карточкаларына 40 мың қаражат аударылады. Бұндай қаражат алған 13 мыңнан асса 15 мыңға жеткізуді жоспарлап отырмыз.

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша арнайы 30 сауда нүктесі бектіліпті. Ата-ана дүкенге келген кезде осында тұрған кез келген тауарды таңдай алады. Ең бастысы QR арқылы кассаға апарып бекітеді. Арнайы бағдарлама арқылы qr-ді өткізіп кассаға жөнелтіледі.

Айтпақшы әрбір заттың есебі жүргізіледі. Ата-ана картадғы ақшаны жаратқан соң, ол білім басқармасына жіберіледі екен.

Бейбіт Құлшықбаева, кәсіпкер:

Ата-ана біліп отырады қанша суммаға алды, қанша сумма қалды. Консультант айтып береді. Инвойс создавать етіп тұрады, товарларын тексереді. Оның барлығы базада тұрады, есепте тұрады. Күнделікті есеп білім басқармасында тұрады.

Осылайша еліміз бойынша аз қамтылған отбасыдан шыққан 300 мың оқушы мемлекет тарапынан қолдауға ие болмақ. Атап айтқанда, Шымкентте – 30 мың, Алматыда – 35 мың. Ал Ақтөбеде:

Райхан Нұрхожаева, облыстық білім басқармасының бөлім басшысы:

Бір реттік мектеп формасы, спорттық киім, оқу-жазу құралдары беріледі. Жекелеген жеңілдіетілген тамақтануды ұсыну, тегін ыстық беру қарастырған. Ата-ана білім ұйымдарына барып тиісті құжаттарды тапсыру қажет!

Білім министрлігі бұндай көмек тек 5 санатқа кіретін отбасыларға ғана тиесілі дейді. Олардың ішінде:

Толқын Сыздықова, ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің бас сарапшысы:

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес 5 категория бар. АСП алатын, АСП алмайтын, төменгі табыс, жетім балалар, төтенше жағдайдағы түсіп қалған, өзге де балалар санаттағы, өтініштері бойынша зерттеп, енгізеді.

Айта кетейік, жаңа оқу жылында жағдайы төмен отбасыдан шыққан оқушыларға мектепке қажетті заттардан бөлек, тегін ыстық тамақпен де қамтамасыз ету жоспарлануда.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз