Желіде 50 мың теңге өтемақы "алып бергіш" аккаунттар төбе көрсетті

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.08.2021 20:34 zakon.kz
Әр жолы пайдаланушыларға 50 мың теңге мөлшерінде әлеуметтік жәрдемақы төлеуге "100% кепілдік беріледі".

Әлеуметтік желілерде қазақстандықтарға 50 мың теңге мөлшерінде әлеуметтік жәрдемақы рәсімдеуге уәде беретін аккаунттар тағы да пайда болды, деп хабарлайды zakon.kz.

Хабарламада өтініш беруші банктік шотқа 3 120 теңгені аударуы қажеттігі айтылады.

Әр жолы пайдаланушыларға 50 мың теңге мөлшерінде әлеуметтік жәрдемақы төлеуге "100% кепілдік беріледі", деп хабарлайды Stopfake.kz.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі төлемдер туралы ақпаратты жоққа шығарды.

Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде таратылған 50 мың теңге мөлшерінде әлеуметтік көмек тағайындау жөніндегі қызметтер үшін 3120 теңге мөлшерінде төлемді жүзеге асыру қажеттігі туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстанда қандай да бір төлемдерді міндетті түрде аударуға «байланыстырылған» жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдер жоқ екенін хабарлайды, делінген ведомствоның ресми хабарламасында.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: