Жаңалықтар тізбегі
0

Мақтааралда 100 мың теңге өтемақы аударылатын банк карталары таратыла бастады

Түркістан облыстық әкімдігі, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.05.2020 23:42 Түркістан облыстық әкімдігі
Үкімет резервінен берілетін 100 мың теңге өтемақы су тасқынынын зардап шеккен 5 елді-мекенде яғни, Жеңіс, Жаңатұрмыс, Фердауси, Достық, Өргебас ауылында тұратын 846 отбасындағы 6 128 тұрғынға берілетін болады.

Мақтаарал ауданында топан судан зардап шеккен 6 128 тұрғынға үкімет резерві есебінен 100 мың теңге өтемақытөлеу үшін "Халық" банк карталары таратыла бастады, деп хабарлайды zakon.kz.

Осы мақсатта қазіргі таңда Мырзакенттегі "Гүлсара" тойханасы мен "Нұрбөбек" балабақшасында және А. Пушкин атындағы жалпы орта мектебінде сондай-ақ, Атакент кентіндегі және тағы да басқа эвакуациялық пунктерде мамандар карта үлестіру жұмыстарын бастап кетті.

Ә. Усмановтың қорынан 5202 отбасыға бөлінетін 1000 АҚШ долларлық өтемақы да осы карталарға аударылатын болады.Бүгін бұл туралы Түркістан облысы қаржы және мемлекеттік активтер басқармасының басшысы Абдрахман Тасыбаев мәлім етті.

Басқарма басшысының айтуынша, үкімет резервінен берілетін 100 мың теңге өтемақы су тасқынынын зардап шеккен 5 елді-мекенде яғни, Жеңіс, Жаңатұрмыс, Фердауси, Достық, Өргебас ауылында тұратын 846 отбасындағы 6 128 тұрғынға берілетін болады.

Ал, Ә. Усмановтың қорынан 1000 АҚШ долларын су басқан Жеңіс, Жаңатұрмыс, Фердауси, Достық, Өргебас ауылдарынан бөлек, эвакуацияланған Мырзакент, Ақжол, Т.Жайлыбаев, Жантақсай, Арайлы, Нұрлытаң, Нұрлыжол, Шұғыла елді-мекендерінің 5 202 отбасына үлестірілмек.

Айта кетейік, Мақтаарал ауданындағы банк картасын тарату орындарында коронавирус індетіне байланысты қабылданған сақтық шараларының барлық талаптары қатаң түрде сақталу көзделген.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: