Цой еліміздегі эпидахуал біртіндеп тұрақтала бастағанын айтты

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.08.2021 15:39 zakon.kz
Түркістан облысынан басқа барлық облыстар "қызыл" аймақта.

ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой аймақтардағы эпидемиологиялық ахуал туралы баяндады, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

Түркістан облысынан басқа барлық облыстар "қызыл" аймақта. Соңғы үш аптада Қазақстанда эпидемиологиялық жағдайдың біртіндеп тұрақтала бастағаны байқалады. Орташа есеппен аптасына 53 мыңға жуық жағдай тіркелді. 1 тамыздан бастап республикамызда аурудың таралу индексі 14% -ға төмендеді : 1,11-ден 0,97-ге дейін, - деді Денсаулық сақтау министрі үкімет отырысында.

Республикамызда жұқпалы ауруларға арналған төсек-орындардың науқастармен қамтылу деңгейі - 53%, реанимацияда - 47%.

Министр төсек-орындардың науқастармен толудың жоғары деңгейі Ақтөбе облысында - 69%, Қызылорда облысында - 66% және Алматы облысында - 64% екенін атап өтті.

Бүгінгі күні 120 313 адам коронавирустан емделіп жатыр, оның ішінде 30 123 науқас ауруханада, ал 90 190 адам амбулаторлық деңгейде ем алуда.

Ауыр халде - 1840, өте ауыр халде - 561 науқас бар, сондай-ақ 263 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: