Жаңалықтар тізбегі
0

Тәлібтер есірткінің орнына егін егеміз дейді

Reuters, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.08.2021 16:44 Reuters
Тілшілерге тәліптердің жұмысын сынауға да болады.

Ауғанстан билігін басып алған тәліптер елдің атауын өзгертіп қана қоймай, жаңашылдықтарымен күллі әлемді таңқалдырмақ. Бұл туралы елімізде тыйым салынған экстремистік ұйым "Талибан" қозғалысының ресми өкілі Забихулла Муджахид мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz.

Оның айтуынша, елде әйелдер құқығын кемсіту азаяды. Нәзік жандыларға білім алуға, тіпті ерлермен тең жұмыс істеуге рұқсат берілмек. Бірақ, тек шариғат шеңберінде. Ең бастысы билікке келген тәліптер есірткі және қару-жарақ саудасына тыйым салынатынын жариялады. Есірткінің орнына егін салуға ниетті.

Забихулла Муджахид, "Талибан" қозғалысының ресми өкілі:

Отандастарымызды, әйелдер мен халықаралық қауымдастықты біз ешқандай есірткі шығармайтынымызға сендіреміз. Бұдан былай Ауғанстан есірткісіз елге айналады, бірақ оған халықаралық көмек қажет болады. Халықаралық қауымдастық бізге балама дақылдарды өсіруге көмектесуі керек.

Сонымен қатар, бұқаралық ақпарат құралдарының жұмысына еркіндік береміз деп мәлімдеді. Тіпті тілшілерге тәліптердің жұмысын сынауға да болады. Бастысы шариғат заңдылықтарына, оның қағидаттарына қарсы шықпау, ислам дінін қараламау қажет. Сондай-ақ, жаңа билік өкілдері ешкімге кек сақтамай, Кабулдегі бірде бір елшілікке оқ атылмайтынын жеткізді. Халықаралық ұйымдармен достық қарым қатынас жасауға ашық екендерін айтты. Еске салсақ, "Талибан" қозғалысы Қазақстанда террористік деп танылған және оның қандай да бір қызметіне тыйым салынған.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: