Қаламқас кен орнына Энергетика министрлігінің өкілдері аттанды

Zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.03.2019 18:19 Zakon.kz
Негізгі шешімдер оқиға орнында қабылданатын болады.

Үкімет отырысында ҚР энергетика министрі Қанат Бозұмбаев Маңғыстау облысындағы Қаламқас кен орнында шыққан өртке қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

- Қазір менің бірінші орынбасарым (Махамбет Досмұхамбетов энергетика вице-министрі) оқиға орында жұмыс істеп жатыр, - деді ол.

Оның айтуынша, қазір "негізгі шешімдер оқиға орнында қабылданатын болады".

Бозұмбаев газды-сулы қоспаның жанып жатқанынын нақтылады.

Бұған дейін хабарланғандай, қазіргі таңда оқиға орнында 12 өрт сөндіру техникасы мен 53 адам жұмыс істеп жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: