ҚР СІМ Ауғанстандағы жағдайға байланысты мәлімдеме жасады
ҚР СІМ
Қазақстан Ауғанстандағы жағдайдың даму барысын мұқият қадағалап отыр.
ҚР Сыртқы істер министрлігі Ауғанстандағы жағдайға байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды zakon.kz.
Қазақстан Ауғанстандағы жағдайдың даму барысын мұқият қадағалап отыр. Аталған елдің тарихында тағы бір шешуші сәт келе жатыр. Көпжылдық жанжалды ауған халқы өзі шешуі керек, - деді ҚР СІМ баспасөз қызметі.
Тақырықа орай: БҰҰ-ға көмек. Ауғанстаннан Алматыға қай елдің азаматтары келіп жетті
Қазақстан барлық тараптарды ішкі тұрақтандырудың басты алғышарты ретінде биліктің бейбіт транзитін қамтамасыз етуге шақырады. Біз БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің инклюзивті және өкілдік үкімет құру, ұлттық азшылықтар мен әйелдердің құқықтарын құрметтеу, басқа мемлекеттерге қауіп төндіретін топтардың болуына жол бермеу, халықаралық құқықты сақтау туралы мәлімдемесін қолдаймыз, делінген ресми мәлімдемеде.
Оқи отырыңыз: Тоқаев БҰҰ өтінішін қабыл алды - UNAMA қызметкерлері мінген ұшақ Алматыға қонды
Осы ережелерді орындау Ауғанстанның жаңа билігімен диалогты бастау үшін қажетті шарт болуы тиіс, - дейді ҚР СІМ баспасөз қызметі.
Тағы да: Тоқаев Ауғанстандағы этникалық қазақтарға көмектесуді тапсырды - ҚР СІМ
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript