Алаяқтар екпе алғандардың телефонын бұғаттайды - тағы бір сыбыс желдей есуде

zakon.kz zakon.kz
Әлеуметтік инженерия – бұл психологиялық ерекшеліктерді зерттеуге негізделген пайдаланушылардың жеке деректерін алу әдісі.

WhatsApp мессенджерінде алаяқтықтың жаңа түрі туралы ескерту тарап жатыр, деп хабарлайды zakon.kz.

Біреулер қоңырау шалып, COVID-19 қарсы вакцина алған болсаңыз, 1 санын басуды сұрайды екен. Нәтижесінде телефон бұғатталып қалады. Бұл жағдай расталмады, делінген stopfake.kz хабарламасында.

https://static.zakon.kz/uploads/posts/2021-08/1629357478_vaktsina-smartfon.png

Алаяқтықтың бұл түрі техникалық тұрғыдан мүмкін бе деген сұрақпен біз KZ-Cert Компьютерлік инциденттерге әрекет ету қызметіне жүгіндік.

Егер алаяқтар әлеуметтік инженерия көмегімен қандай да бір пайдаланушы деректерін иемденбесе, қоңырау шалып, телефонды басқару мүмкін емес. Мысалы, егер бұған дейін қандай да бір енгізу кодтары, смс-кодтар және өзге де авторизациялық деректер берілсе, – деп хабарлады ұйым өкілдері.

Әлеуметтік инженерия – бұл психологиялық ерекшеліктерді зерттеуге негізделген пайдаланушылардың жеке деректерін алу әдісі. Әлеуметтік инженерияға мысал ретінде банктердің атынан жалған хабарламалар, SMS-код немесе банк картасының CVC кодын және т.б. айтуды сұрайтын "қауіпсіздік қызметі өкілдерінің" қоңырауларын келтіруге болады.

Осы және алаяқтардың мұндай әрекеттерінің құрбанына айналмау туралы толық ақпаратты KZ-Cert Компьютерлік инциденттерге әрекет ету қызметінің ресми сайтынан оқуға болады.

Демек, ұялы телефонды жай қоңырау шалу арқылы бұғаттау мүмкін емес. Алайда, алаяқтар СМС-кодтарды, парольдерді немесе басқа да жеке ақпаратты алдап алып, сіздің дербес деректеріңізге қол жеткізе алады, делінген хабарламада.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз