Жаңалықтар тізбегі
0

Ешкімді тексермейміз! Қаржы министрі дүрліккен қоғамды сабырға шақырды

ҚР ОКҚ, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.11.2019 21:03 ҚР ОКҚ
Осы мәселенің бәрін назарға ала отырып, халықты алып-қашпа сөздерге сенбеуге шақырамын. Өйткені бұл арада жеке тұлғаларға алаңдауға негіз жоқ – министр.

ҚР Премьер-министрінің бірінші орыбасары-ҚР Қаржы министрі Әлихан Смайылов карта арқылы аударылатын төлемдерге қатысты пікірін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Соңғы уақытта комиссия ұсталмайтындықтан және жеңіл әрі оңай болғандықтан карта арқылы жедел аударым жүйелері халық пен бизнес арасында үлкен қолданысқа ие болды. Әрине, ҚР Қаржы министрлігі электронды төлемдердің өсуі көлеңкелі экономиканың төмендеуіне ықпал ететінін жақсы түсінеді.

- Осы тұрғыда мынаны баса айта кеткім келеді, Қаржы министрлігі мұндай аударымдардан қандай да бір қосымша төлемдер немесе салық алуды жоспарлап отырған жоқ, оның үстіне жеке тұлғалардың трансакцияларына тексеру жүргізуді, тіптен көздемейді. Негізінен, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап заңнамана сәйкес, онлайн бақыллау-касса аппаратын қолдануға міндетті кәсіпкерлер фискальды чек беруі тиіс. Осындай кәсіпкерлік мақсатты ақша аударымын жасайтын кәсіпкерлер мұндай жауапкершіліктен босатылмайды. Чек кәсіпкерлердің құқығын қорғау үшін керек, - деді ол.

Оқи отырыңыз: "Білмейді...". Заңгер Қаржы вице-министрінің сауатсыздығын әшкереледі

Министр өз бизнесінде жедел аударымдар жүйесін қолданатын кәсіпкерлердің кірістерін әкімшілендіру мәселесін қазір Қаржы министрлігі пысықтап жатқанын айтты. Мысалы, онлайн кассалық бақылау машиналары мен POS-терминалдарды біріктіру арқылы кірісті әкімшілендіруге болады. Онда кіріс-шығыс автоматты түрде толтыруылып, салық есебін автоматты жөнелту функциясы бар. Мұндай пилоттық жоба Kaspi банкпен бірге келесі жылы іске аспақ.

- Сонымен қатар, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап патент немесе оңайлатылған декларация секілді арнайы салық режимдерін қолданатын шағын және ұсақ бизнес 3 жылға салық төлеуден және тексерулерден босатылғанын атап өткім келеді. Осы мәселенің бәрін назарға ала отырып, халықты алып-қашпа сөздерге сенбеуге шақырамын. Өйткені бұл арада жеке тұлғаларға алаңдауға негіз жоқ, – деді Әлихан Смайылов.

Айта кетсек, 7 қарашада Қаржы вице-министрі Берік Шолпанқұловтың "ендігіден бастап қазақстандықтардың банк картасы арқылы жүргізетін электронды ақша аударымдарының бір бөлігіне салық салынуы керек, өйткені ол кіріс әкеледі" деген мәлімдесі БАҚ беттерінде жаппай жарияланды.

"Барлық төлемдер туралы айтып жатқанымыз жоқ. Егер сіз жақындарыңызға көмектесу мақсатында ақша аударсаңыз, онда ол қарастырылмайды. Картадағы барлық операция жеке қарастырылады. Соның ішінде бұл барлық электронды транзакцияларға қатысты. Егер сіз коммуналдық қызмет ақысын төлесеңіз немесе ұялы телефоныңыздың балансын толтырсаңыз, онда бұл сомаға салық әлдеқашан еніп қойған. Сол секілді жеке біреудің аударған ақшасын алатын адамдар бар, оны да салық органдары қадағалайды. Егер адам табыс ақша алған жағдайда, әрине, одан төлемдер ұсталуы керек. Бұл барлық банктерге қатысты. Салықты карта арқылы табысын алып жүргендердің бәрі төлейді", - деді Шолпанқұлов.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: