Ауғанстандағы БҰҰ қызметкерлері не үшін Алматыға көшірілді

pixabay.com pixabay.com
БҰҰ басшылығы миссия қызметкерлерінің бір бөлігін уақытша орналастырудың әртүрлі нұсқасын қарастырды, әртүрлі факторларға байланысты Алматыны таңдау туралы шешім қабылданды.

Неліктен Біріккен Ұлттар Ұйымының Ауғанстанға көмек миссиясын (UNAMA) және осы ұйымның басқа қызметкерлерін орналастыру үшін Алматы таңдалғанын ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ақан Рахметуллин айтып берді, - деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

БҰҰ басшылығы миссия қызметкерлерінің бір бөлігін уақытша орналастырудың әртүрлі нұсқасын қарастырды, әртүрлі факторларға байланысты Алматыны таңдау туралы шешім қабылданды. Атап айтқанда, бұл қаржылық және іскерлік белсенділіктің аймақтық ірі орталығы екендігі, мұнда дамыған инфрақұрылым, сонымен қатар әлемнің басқа елдерімен ыңғайлы әуе байланысы бары үлкен рөл атқарды. Қазақстанның жаһандық және аймақтық қауіпсіздік мәселесіндегі беделі де маңызды болды, - деді ОКҚ-да өткен брифингіде Ақан Рахметуллин.

Ол Алматыға келгендердің барлығы - БҰҰ-ның халықаралық қызметкерлері, БҰҰ төлқұжаты мен иммунитеттінің иегерлері, оның ішінде Бас хатшының арнайы өкілі және Ауғанстанға көмек көрсету жөніндегі ұйым миссиясының басшысы Дебора Лионс та бар екенін атап өтті. Кейбірі жақын арада БҰҰ-ның басқа елдердегі кеңселеріне ауысуды жоспарлап отыр, бірақ олардың көпшілігі, шамамен 100 адамдай Қазақстанда қалады.

UNAMA -ның қашықтағы уақытша кеңсесінің жұмысы алты айға жоспарланған және Ауғанстандағы жағдайдың қалай дамитындығына байланысты ұзартылуы мүмкін. Қызметкерлердің тұратын орны, кеңсені жалдау ақысы және басқалары БҰҰ бюджетінен толықтай қаржыландырылады.

Қазақстан өз тарапынан БҰҰ қызметкерлерін орналастыру үшін қолайлы үй -жайларды табуға көмектеседі, - деп қосты ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары.

Бұған дейін Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) Қазақстаннан Ауғанстанға көмек көрсету миссиясын (UNAMA) және БҰҰ-ның басқа да агенттіктерін Алматыға уақытша көшіруді сұраған.

18 тамызда Алматы әуежайына Ауғанстаннан мінген БҰҰ қызметкерлері бар алғашқы ұшақ келіп қонды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз