Жаңалықтар тізбегі
0

Тоқаев БҰҰ өтінішін қабыл алды - UNAMA қызметкерлері мінген ұшақ Алматыға қонды

ҚР СІМ баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.08.2021 15:23 ҚР СІМ баспасөз қызметі
Ауғанстандағы ішкі саяси ахуалдың шиеленісуіне байланысты Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) өзінің Ауғанстанға жәрдем көрсету жөніндегі миссиясын (UNAMA) және АИР-да аккредиттелген БҰҰ-ның басқа да агенттіктерін Алматы қаласына уақытша орналастыру туралы Қазақстанға өтініш білдірді.

Алматы әуежайы 18 тамызда түнде бортында БҰҰ қызметкерлері бар Ауғанстаннан келген ұшақты қабылдады, деп хабарлайды zakon.kz.

Ауғанстандағы ішкі саяси ахуалдың шиеленісуіне байланысты Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) өзінің Ауғанстанға жәрдем көрсету жөніндегі миссиясын (UNAMA) және АИР-да аккредиттелген БҰҰ-ның басқа да агенттіктерін Алматы қаласына уақытша орналастыру туралы Қазақстанға өтініш білдірді. Қазақстан мен БҰҰ-ның жан-жақты өзара іс-қимылы рухы шеңберінде және осы ұйымның толық құқықты мүшесі ретіндегі міндеттемелері аясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ өтінішін қолдау туралы шешім қабылдады, делінген ҚР СІМ баспасөз қызметінің Тelegram-дағы хабарламасында.

Алматыда UNAMA мен БҰҰ-ның басқа да агенттіктері кеңселерінің орналасуы мен одан арғы қызметі Ауғанстандағы жағдай тұрақтанғанша алты айға уақытша жалғасатын болады деп күтіледі. Қызметкерлерді орналастыруға, кеңсе жалдауға және тағы басқа барлық шығындар БҰҰ бюджетінен толық қаржыландырылатындығы да хабарланды.

Айта кетсек, БҰҰ-ның 200-ге жуық өкілі Қазақстанға уақытша қоныстануды жоспарлап отыр.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: