25 тамызға дейін қандай салықтар мен төлемдерді төлеп үлгеру қажет
2021 жылы 25 тамызда бірқатар салықтар мен төлемдерді төлеу мерзімі аяқталады. Алматы қаласының Мемлекеттік кірістер департаменті осыны еске салады, деп хабарлайды zakon.kz.
Бұл арада мынандай салықтар мен төлемдер жайлы сөз болып отыр:
КТС, 2021 жылдың тамызына арналған аванстық төлемдер;
КТС, 2021 жылдың шілдесінде төленген резиденттің табыс төлем көзінен ұсталатыны және резидент еместің табыс төлем көзінен ұсталған КТС;
ЖТС, 2021 жылдың шілдесінде төленген жеке тұлғалардың (резиденттер мен резидент еместердің) кірістері төлем көзінен ұсталады;
КТС, ЖТС, бөлшек сауда салығында АСР (арнайы салық режимі) қолданылатын салық төлеушілерге арналған декларацияда көрсетілгендер - 2021 жылдың ІІ-тоқсаны үшін;
ҚҚС, 2021 жылдың ІІ-тоқсаны үшін;
Рента салығы - экспортқа салынатын, 2021 жылдың ІІ-тоқсаны үшін;
Төлемдер - тарихи шығындарды өтеу төлемі, егер төлем мөлшері 2021 жылдың ІІ-тоқсанында 10 000 АЕК -тен асса;
Салық - пайдалы қазбаларды өндіруге арналған, 2021 жылдың ІІ-тоқсаны үшін;
Роялти, өндіріс бонусы, өнімді бөлудегі Қазақстан Республикасының үлесі, 2021 жылдың 2 -тоқсанында өнімді бөлісу келісімшарты бойынша жұмыс істейтін жер қойнауын пайдаланушылардың қосымша төлемі;
Ағымдағы төлем, 2021 жылдың ІІ-тоқсаны үшін натуралды формадағы салық төлемдері;
Әлеуметтік салық, 2021 жылдың шілдесі үшін;
Жер салығы, ағымдағы төлем - 2021 жылдың ІІ-тоқсаны үшін;
Мүлік салығы, ағымдағы төлем - 2021 жылдың ІІ-тоқсаны үшін;
Салық - ойын бизнесіне салынатын, 2021 жылдың ІІ-тоқсаны үшін;
КТС (ЖТС), 2021 жылдың бірінші жартыжылдығына жеңілдетілген декларацияға сәйкес, әлеуметтік аударымдар сомасын алып тастағанда есептелген салық сомасының 1/2 мөлшеріндегі салықтар мен әлеуметтік салықтың 1/2 мөлшері;
Төлем - жер учаскелерін пайдаланғаны үшін, 2021 жылдың ІІ-тоқсанындағы ағымдағы төлем;
Төлем - жер үсті су ресурстарын пайдаланғаны үшін, 2021 жылдың ІІ-тоқсанындағы ағымдағы төлем;
Төлем - қоршаған ортаға алынатын эмиссия есебінен алынатын: төлемнің жылдық көлемінде 100 АЕК болатын және одан да көп көлемі бар, ластанған нысандар бойынша төлем жасаушылардың ағымдағы төлемі - 2021 жылдың ІІ-тоқсаны үшін;
Төлем - 2021 шілдеде шілдеде рұқсат алған Қазақстан Республикасында қызмет етпейтін және Қазақстан Республикасының салық төлеушісі ретінде тіркелмеген шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар және резидент емес заңды тұлғалар төлейтін радиожиілік спектрін қолданғаны үшін алым;
Төлем - сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін 2021 жылдың тамызына арналған төлем;
Міндетті зейнетақы жарналары:
- 2021 жылдың шілдесінде МЖШ келісімшарттары бойыншақызметкерлер мен жеке тұлғаларға төленетін табыстан ұсталады;
- 2021 жылдың шілдесінде алған табыстан жеке кәсіпкерлердің (патент негізінде арнайы салық режимі қолданылатын жеке кәсіпкерлерді қоспағанда), жеке жұмсыпен айналысатын тұлғалардың өз пайдасына төлеуі;
Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, 2021 жылдың шілдесінде қызметкерлерге төленген табыстан алынатын жарна;
Әлеуметтік аударымдар - 2021 жылғы шілде үшін;
МӘМС аударымдары - 2021 жылдың шілдесінде қызметкерлерге төленетін жалақыдан аударылады.
МӘМС жарналары:
- 2021 жылдың шілдесінде МЖШ келісімшарттары бойыншақызметкерлер мен жеке тұлғаларға төленетін табыстан ұсталады;
- 2021 жылдың шілдесінде алған табыстан жеке кәсіпкерлердің (патент негізінде арнайы салық режимі қолданылатын жеке кәсіпкерлерді қоспағанда), жеке жұмсыпен айналысатын тұлғалардың өз пайдасына төлеуі.
2021 жылы салықтар мен төлемдерді төлеу және салық есептілігін тапсыру уақыты туралы ақпаратпен салық күнтізбесінен таныса аласыз.