Сілтемені баспаңыз! Еңбек министрлігі дабыл қақты

pixabay.com pixabay.com
Бұл арада қазақстандықтар өзара жаппай бөлісіп жатқан "125 мың теңге көлеміндегі әлеуметтік төлем" туралы ақпараттағы сілтеме жайлы сөз болып отыр.

Тағы бір фейк ақпарат әлеуметтік желіде желдей есуде. Бұл жолы әрбір қазақстандық 125 мың теңге көлемінде әлеуметтік төлем алуға құқылы деген дақпырт тарады, деп хабарлайды zakon.kz.

Ол үшін белгілі бір сілтемелерді басу қажеттігі айтылады.

ҚР Еңбек министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды және азаматтарға мұндай хабарламаларды киберқылмыскерлер жеке шоттар мен банк шоттарына ену үшін пайдалана алатынын ескертті.

Алаяқтықтың құрбаны болмас үшін күмәнді сілтемелерге кірмеңіздер немесе жеке деректеріңізді ол арада қалдырып жүрмеңіздер. Біз азаматтардан жалған ақпаратқа назар аудармауды және ақпаратты тек ресми дереккөздерден пайдалануды сұраймыз, - дейді Қазақстан Республикасы Еңбек министрлігінің баспасөз қызметі.

Жалған ақпарат таратқан үшін заңда жаза барын еске саламыз.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз