Сәуле Әбділдаханқызы өзіне тағылған айыпқа қатысты неге үнсіз? Абзал Құспан не дейді?

eset eset
Ол Сәулемен де, Мәди Манатбекпен де кездескенін айтады.

Жас жазушы Аягүл Мантайдың өліміне қатысты қазір іс тергеліп жатыр. Осы жайтқа қатысты адвокат Абзал Құспан өз сұқбатында пікір білдірді, деп хабарлайды zakon.kz.

Сәуле Әбділдаханқызы қазір неге үнсіз? Себебі, біріншіден, бұл - марқұмға құрмет. Екіншіден, ол бұл істе куәгер ретінде өтіп жатыр. Ал куәгер қандай да бір фактілерді сот шешімі шықпай айта алмайды. Егер күдікті болса, онда ол ақталу тұрғысында қандай да бір мәліметтерді ортаға сала алар еді. Бірақ ол айыпталушы емес, - дейді Абзал Құспан "Қасқа жол" бағдарламасына берген сұқбатында.

Сондай-ақ ол Сәулемен де, Мәди Манатбекпен де кездескенін айтты.

Күні кеше өз жұмыстарыммен Шымкентте болып, ол екеуімен де жүздесіп, қағаздарын көрдім. Өз басым, жолдастыққа адалдық дегенді жоғары қоямын. Елдің бәрі Сәуледен теріс айналды деп одан қашып кетпеймін. Керісінше, кәсіби көмегімді ұсынамын, әрине қағаздарын көріп, біраз нәрсеге көз жеткізген соң айтып отырмын мұны. Қағаз дегенде желідегі жазбаларды көрдім. Бірақ жазбада ешкімнің аты аталмайды, ашық айыптау жоқ. Астында бұл кім деп сұраса да Сәуле атын айтпайды. Жекесіне де шығып сұрағандар болыпты, оған да жауап қатпаған. Сәуленің жазбасы 21 шілдеде жарияланады. Ал Аягүл Мантайдың қайтқан күні - 29 шілде. Арада сегіз күн өтті. Бұл екі ортада екеуі бір-бірінен кешірім сұрап, тоқтаған кез. Ал не нәрседе де сот тергеуші мен сарапшы пікірін ескереді, бірақ басшылыққа алуы міндетті емес. Сот психологиясы мамандары бұл арада не дейді дейсіздер ғой. Олардың пікірі қыз шалт қимылға барса, ол жазба жарияланған күні болуы керек еді дегенге саяды. Аффект, ашу деген нәрсе сол сәтте болады. Сүттен ақ, судан таза демеймін, бірақ "Сәуле Әбділдаханқызы кісі өлтіруші" деп бірден кесіп айтуға өз басым қарсымын. Оның үстіне ол арада Сәуледен басқа бірнеше адам куәгер ретінде тартылып жатыр. Олардың атын атай алмаймын. Бірақ қоғамның назарын барлығы қазір Сәулеге бұрып қойды. Желі тек Сәулені сөз қылады. Ал тергеуде басқа көп нәрсе сөз болып жатыр, оны айта алмаймыз, әзірге, - дейді ол.

Сұқбаттың толық нұсқасы:

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз