Жаңалықтар тізбегі
0

"Ойбай, әйтем-бүйтем" деген Мамай үнсіз. Байбектің адвокаты не дейді

facebook, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.05.2021 18:53 facebook
Оның айтуынша, барынша ашықпен деген Мамай сотқа әлі бір де бір дәлел құжаттар әкеліп көрсетпеген.

Бауыржан Байбектің өкілі, адвокат Айжан Тәшенова сот барысы туралы айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Оның айтуынша, барынша ашықпен деген Мамай сотқа әлі бір де бір дәлел құжаттар әкеліп көрсетпеген.

Біз Б.Байбектің Ж.Мамай мен И.Иманбаеваға қатысты талап арызы бойынша сот процесінен туындаған үлкен резонансқа куә болып отырмыз. Өкінішке қарай, кейбір желі комментаторлары, сондай-ақ жауапкерлердің өздері де жұртты ашықтан ашық адастырып, қоғамдық пікірді бұрмалауға тырысуда. Мұнда әңгіме біз соттың жабық өтуіне мүдделі секілді деген жалаң мәлімдеме туралы болып отыр. Даудың тарабы ретінде ресми түрде ахуалды айқындай кеткім келеді, деп жазды ол Facebook-те.

Оның айтуынша, Байбек процестің басынан бастап ашықтық пен жариялылық қағидатын сақтауды қуаттап келеді.

Бұған маған сенім білдірген тұлғаның өз сұхбатына байланысты ресми құжаттарды 19 сәуірден бастап ашық жариялауды қажет деп табу фактісінің өзі дәлел болады. Керісінше, жауапкерлер жария түрде қайта-қайта ашықтық деп талмай айтқанымен, әлі күнге өздерінің 13 сәуірдегі "журналистік зерттеу" деп аталған жалған айыптауларына бірде бір дәлелдеме ұсынған жоқ. Бұған қоса, мен талап арыз беретін күні Б.Байбектің өкілі ретінде барлық мүдделі азаматтардың зерделеуі үшін бүкіл материалды және тәуелсіз психологиялық-филологиялық сараптаманы Фейсбукке салдым. Бұл құжаттарды бірқатар бұқаралық ақпарат құралдары мен телеграм-арналар көшіріп басты, деп түсіндіреді заңгер.

Сонымен қатар ол жауапкерлер позициясының мүлдем тиянақсыз екендігін атап өтеді.

Мәселен, 14 мамырда, яғни «TrueConf» қосымшасында сотқа алғашқы дайындық отырысында Ж.Мамай мен И.Иманбаева және олардың адвокаттары сотқа WhatsApp-ты пайдалану туралы өтінішпен жүгінді. Бұл өтінішті біз де қолдадық. Екінші отырыста, яғни 19 мамырда жақсы естіліп тұрғанына қарамастан, біздің оппоненттердің WhatsApp-байланысқа да көңілдері толмады. Содан Zoom-ға көшу туралы талаптар айтылды. Сонымен қатар жауапкерлердің адвокаты Г.Нұрпейісов процестің ақпараттық платформасын дереу ауыстырудан бас тартуға байланысты сотқа қарсылық білдіруге тырысты. Бұл ретте судья әңгімені ауыстыруға негіз жоқ екендігін, ал осыған қатысты өтініш соттың дауды мәні бойынша қарауы кезінде кейінірек зерделенетінін нақты түсіндірді, - дейді Тәшенова.

Сонымен қатар ол Азаматтық процестік кодекстің 38-бабына сәйкес, соттың техникалық байланыс құралын ауыстыру туралы өтінішті қанағаттандырудан бас тартуы сотқа қарсылық білдіруге негіздеме болып табылмайтынын атап өтті. Әрі онлайн-отырыс өткізу үшін алаң таңдау соттың айрықша құзыреті болып табылады. С

Байбектің журналистер қауымын көбірек тарта отырып, сот процесінің барынша ашық өткенін қолдап отырғанын атап өткім келеді. Біз жұртшылықты сот процесінің барысы туралы объективті хабардар етуге мүдделіміз. Сондықтан да соттан ресми түрде жауапкерлердің кейінгі отырыстарды «Zoom» платформасында өткізу туралы өтінішін қолдауын сұраймын. Бұл ретте, сот қандай шешім қабылдамасын, келесі отырыстан бастап мен өз парақшамда онлайн-трансляция жүргізетін боламын. Осымен біздің процестің ашық өтуіне мүдделі еместігіміз туралы түрлі долбарлар тоқтайды деп сенемін, -деді ол.

Сондай-ақ ол соттың анық процестік бұзушылықтарға көз жұмуы, үнемі жауапкерлердің ыңғайына қарап отырғанына желі пайдаланушыларының назарын аудартты.

Мысалы, біздің оппоненттер жаңа (үшінші) заңгер – Ерлан Қалиевті сот процесіне қосу кезінде сотқа өкілеттігін растайтын құжатты ұсынбастан, 61-бапты елеусіз қалдырды. Бұл орайда Қалиевтің өзі осы дауда қолданылмайтын норманы пайдалана отырып, талап арыз беру кезінде сотқа дейінгі тәртіптің сақталмағандығы туралы мәлімдеді. АК-нің 143-бабының 4-тармағына сәйкес "Бұқаралық ақпарат құралдарында терiске шығаруды не жауапты жариялау туралы азаматтың ..... талабы, егер бұқаралық ақпарат органы мұндай жарияланымнан бас тартса не бiр айдың iшiнде жарияланым жасамаса, сондай-ақ ол таратылған ретте, сотта қаралады". Яғни Е.Қалиев өз шағымында түсініксіз себеппен Ж.Мамайды бұқаралық ақпарат құралына теңестіреді. Ал біздің жауапкерге қатысты талап арызымыз жеке тұлғаға берілгені мәлім. Тиісінше, Е.Қалиевтің шағымы заңсыз, бұл туралы сот бірден мәлімдеді, - дейді адвокат.

Ол Мамай мен Иманбаеваның сотта болмайтын қиқар мінез-құлық танытуы қарапайым түрде қарағанның өзінде анық байқалып тұрғанын атап өтті.

Сот пен өз оппоненттерінің сөзін бөлу, қисынсыз және мүлдем орынсыз өтініштер айту, талқылауды үнемі дау тақырыбына мүлдем қатыссыз жәйттерге бұрып әкету, сөйтіп отырысты қандай-да бір арзан қойылымға айналдыруға тырысу сотқа құрметсіздік ретінде қабылдануы мүмкін. Кәсіби заңгер ретінде бұған мүлдем жол беруге болмайды деп есептеймін. Ақыр соңында судья жауапкерлерге тиісті ескерту жасауға мәжбүр болды, деп түсіндіреді Ташенова.

Ол келесі отырыстан бастап жауапкерлер мен олардың өкілдері сот пен жұртшылыққа ақиқатты анықтауда кедергі келтірмейді, тікелей талап арыз мәнін ғана талқылауға кіріседі және өз жалған айыптауларына қандай-да бір дәлелдеме ұсынады деп үміттенетінін жеткізді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: