Жаңалықтар тізбегі
0

Ресей мыңға жуық ауғанстандықты қабылдайтын болды

ritmeurasia.org, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.08.2021 23:38 ritmeurasia.org
Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Кремль Ауғанстаннан алып кетуді сұрағандардың өтініштерінің барлығын тіркейтінін айтты.

Қатарында студенттер де бар. Ресейдің Кабулдағы елшілігі Ауғанстанның мыңға жуық азаматының Ресейге келу мүмкіндігін мақұлдады, деп хабарлайды zakon.kz Inbusiness-ке сілтеме жасап.

Енді РФ аумағына Ресей паспорты, елде тұруға берілетін ықтиярхаты немесе жұмыс визасы бар адамдар кіре алады. Сонымен қатар мұндай рұқсат ауғанстандық студенттерге де берілді.

Ауған диаспоралары орталығының өкілдері азаматтардың бірқатар санаты бойынша әлі тексеріс жүріп жатқанын атап өтті.

24 тамызда ресейлік университеттерде білім алып жүрген ауғанстандық студенттер тобы жасырын түрде Ресей билігіне ашық хат жазған еді. 150-ден астам адам көмек сұрап, оларды Ауғанстаннан алып кетуін өтінген. Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Кремль Ауғанстаннан алып кетуді сұрағандардың өтініштерінің барлығын тіркейтінін айтты. Ресей Федерациясының Кабулдағы дипломатиялық өкілдігі эвакуация мәселесі пысықталып жатқанын, рейстерді ашу қыркүйек айында сұратылатынын мәлім етті.

Бұған дейін Ресей азаматтығы бар Ауғанстанның 400-ге жуық азаматы Ресейдің Кабулдағы елшілігінен елден кетуге көмек көрсетуді сұраған болатын.

Табиғат Нұрболат

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: