Путин Украинамен келіссөз жүргізу үшін өз делегациясын Минскіге аттандыруға әзір
Сурет: kremlin.ru
Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Ресей делегациясына Қорғаныс министрлігі, СІМ және Кремль әкімшілігінің өкілдері кіретінін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Зеленский Украинаның бейтарап мәртебесін талқылауға дайын екенін айтты.
Бастапқыда Ресей президенті Владимир Путин операцияның мақсаты ЛХР мен ДХР-ға , соның ішінде Украинаны демилитаризациялау және денацификациялау жолдарымен көмектесу екенін айтты. Ал бұл дегеніңіз, шын мәнінде, бейтарап мәртебенің ажырамас бір бөлігі", – деп РИА Новости Песковтың сөздерін келтіреді.
24 ақпанда Ресей президенті Владимир Путин өз халқына жасаған Жолдауында Донбаста арнайы әскери операция жүргізілетінін мәлімдеді.
25 ақпанда Украина президенті Владимир Зеленский Путинді келіссөздер үстел басына шақырды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript