Екпе алуға болмайтындарға дәрігер қандай кеңес береді

zakon.kz/Максим Золотухин, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.08.2021 23:58 zakon.kz/Максим Золотухин
Бүгінгі таңда тек вакцина ғана коронавирусқа қарсы тұра алатын жалғыз құрал болып табылады.

Қазір елімізде халықты коронавирусқа қарсы жаппай вакцинациялау жүріп жатыр. Осы орайда, екпеге қарсы медициналық көрсетілімдері бар тұрғындар да кездседі, деп хабарлайды zakon.kz.

Олар COVID-19 вирусынан қалай қорғанады? Бұл сұраққа елордадағы №14 қалалық емхана МКК терапевт дәрігері Мая Молдахан жауап берді, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Анафилактикалық шокты бастан кешірген, вакцина құрамындағы заттарға аллергиясы бар адамдарға екпе салынбайды. Сонымен қатар, қазіргі уақытта ауырып жүрген немесе қант диабеті, жүректің ишемиялық ауруы сынды созылмалы дерті болса уақытша вакцина салдыруға болмайды. Бұдан бөлек 18 жасқа дейінгі балаларға, жүкті əйелдерге, бала емізетін əйелдерге де екпе салынбайды.

Вакцина салдырмаған адамдар қалай қорғана алады дегенге келсек, бұл адамдар салауатты өмір салтын ұстануы қажет: құнарлы тамақтанып, иммунитетті көтеретін витаминдерді қолдану жəне құрамы дәрумендерге бай өнімдерді жиі пайдалануы керек. Сонымен қатар, қолыңызды жиі жуып, таза ауада серуендеңіз, дене шынықтырумен, гимнастикамен айналысыңыз жəне адам көп жиналатын орындарға, той-томалаққа бармауға кеңес беремін, - дейді дәрігер.

Бүгінде 6 миллионнан астам қазақстандық коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін, ал 5 млн астам адам екінші компонентін алды. Екпе алғандар арасында КВИ-мен ауырғандар кездесті, бірақ оларда вакцина алмаған науқастарға қарағанда ауыру процесі жеңіл өтті, дейді мамандар. Мысалы, температураның ең шегі 38 градусқа дейін, əлсіздік, құрғақ жөтел сияқты белгілер ғана болған. Бұл науқастар тез арада емделіп шықты.

Қазір Нұр-Сұлтан қаласында да, еліміз бойынша да эпидемиялогиялық ахуал көңіл көншітерліктей емес. Қазақстан бойынша күніне 6000-нан астам адамның COVID-19 вирусын жұқтырғаны анықталады. Ең қорқыныштысы, бұл індеттен көз жұмғандар саны да азаймай тұр.

Сондықтан, дәрігерлер тұрғындарды екпе алуға шақыруда. Бүгінгі таңда тек вакцина ғана коронавирусқа қарсы тұра алатын жалғыз құрал болып табылады.

zkadm
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: