Қайсысы қауіпті: коронавирус жұқтырған ба әлде екпе салдырған ба?
Әлеуметтік желідегілер COVID-19 вакцинациясы нәтижесінде ауыр ауруға шалдығу қаупі осы аурудан көз жұму қаупінен әлдеқайда жоғары екендігі туралы хабарды қызу талқылап жатыр, деп хабарлайды zakon.kz.
Америкалық Ауруларды бақылау және алдын алу орталығының ресми сайтындағы кесте бойынша, осындай қорытынды жасауға болады. Алайда, stopfake.kz сайты бұл деректер жанама әсерлердің пайда болуының жоғары екендігін және вакцинацияға дейін COVID-19-бен аурудың артықтығын дәлелдемейтінін хабарлайды.
Хабарлама авторының айтуынша, "іс жүзінде" COVID-19 өлім-жітім көрсеткіші 1% төмен, "ал нақты айтар болсақ, әдеттегі жіті респираторлық аурулардың нақты өлім-жітім көрсеткішінің 0,1%".
Жанама әсерлердің пайда болу статистикасы, автордың айтуынша, 3% тең. Ал кестеде 3% сан мүлдем жоқ. Сонымен қатар, онда вакцинаның жанама әсерлерінің статистикасы көрсетілмеген. Онда мобильді қосымшалар қолданылатын V-safe бақылауының нәтижелері ұсынылған. Онда пациенттер вакцина дозасын алғаннан кейінгі жағдайлары туралы жазады. Бұл ретте пациенттер вакцинациямен байланысты болсын-болмасын жағдайларындағы кез келген өзгерістерді көрсетеді. Оны "Вакцинация кезеңіндегі жүктілік" жолынан көре аламыз. Ешқандай препараттан мұндай жанама әсердің болмайтыны айдан анық.
Өлім-жітімге келетін болсақ, маусымдық тұмау кезінде бұл көрсеткіш 0,1% екендігі рас. Бірақ COVID-19 кезінде – 3-4%.
Сонымен қатар, қазіргі кезде қолжетімді COVID-19 қарсы барлық төрт вакцина клиникалық сынақтардан өтіп, олардың тиімділігі мен қауіпсіздігі расталды. Ең жиі кездесетін жанама әсерлер инъекция орнындағы қызару, ауырсыну, аздап ісіну, кейбір жағдайларда дене температурасының көтерілуі болды.
Соның негізінде, мамандар вакцинадан кейін қалыптасатын қорғаныс жанама әсерлердің барлық қауіптерінен асып түседі деген ортақ пікірге келді.
Осылайша, COVID-19-бен ауыру осы ауруға қарсы вакцина алудан гөрі қауіпсіз деген тұжырым фейк болып табылады.