Ақбөпе Тәңірбергенді әкімдіктен қуып шығу – таяздық пен көргенсіздік

zakon.kz zakon.kz
Бір букет гүлі қайда, бір кесе шайға шақыру, бір ауыз жылы сөзі қайда?

Күні кеше Хабар 24 телеарнасының тілшісі Ақбөпе Тәңірбергенді аудандық әкімдік ғимаратынан күштеп сыртқа шығарып тастағанын көрдік.

Бұл құқық жағынан да, адамгершілік тұрғысынан да тым өрескел әрекет. Мұндайда үнсіз қалуға болмайды, түк болмағандай жүре беруге болмайды.

Біздің еліміз үшін журналистің атқаратын жұмысы өте маңызды және қажет. Сол себепті журналист заң бойынша қорғалады, оған заңмен айрықша құқық пен өкілет берілген.

БАҚ туралы заң бойынша, журналист мемлекеттік органдарға кіре алады және лауазымды тұлғалардың қабылдауында болуға құқылы.

Қылмыстық кодексте журналистің жұмысына кедергі туғызу үшін жаза көзделген:

Журналистің заңды кәсіптік қызметін орындауына кедергі жасайтын не оны осындай мүмкіндіктен толық айыратын жағдай туғызу жолымен оның заңды кәсіптік қызметіне кедергі жасау және қызмет бабын пайдалана отырып жасаған, сол сияқты журналиске немесе оның жақындарына қатысты күш қолданып немесе оны қолдану қатерін төндіру іс-әрекеті үшін екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салу не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Ақбөпе Тәңірберген журналист қана емес. Ол – әйел. Мәдениетті қоғамда әйелге қарсы мұндай дөрекілік танытуға жол берілмеуі тиіс.

Ендеше әкімдік қызметкерлері не істеуі керек еді?

Біріншіден, келген журналисті кіргізіп, күту бөлмесіне дейін шығарып салып, басшылыққа хабар берілуі керек. Әкім жоқ болса, журналистің келгені туралы орынбасарына айтылуы тиіс. Әкім немесе орынбасары, не әкімдікте жүрген басқа бір лауазым иесі журналистің сұрағын тыңдап, жауап беруі керек, немесе кейінірек кездесу үшін уақыт белгілеу қиын болып па?

Екіншіден, күзетші дөрекі әрекетке барған екен, онда әкім не орынбасары тез арада Ақбөпемен кездесіп, кешірім сұрауы керек еді. Әкім басымен де, адам ретінде де. Сосын журналистің сұрақтарына жауап беруге болар еді. Бір букет гүлі қайда, бір кесе шайға шақыру, бір ауыз жылы сөз болғанда ешқандай дау да туындамас еді ғой.

Олар ондай кісілік таныта алмапты. Аудан әкімдігінің одан кейінгі тірлігі – жалпы жергілікті атқарушы органдардың жүйелі проблемасын көрсетеді. Әкімдік қызметкерлері заң білмейді, кризистік жағдайларда әрекет ете алмайды, не қарапайым мәдениеті, не тәрбиесі жоқ.

Осы оқиға елдегі барлық мемлекеттік органдардың қызметкерлері үшін сабақ болады деп үміттенемін.

Айналайын, Ақбөпе! Ел үшін маңызы зор, қоғамға қажетті жұмысыңды жалғастыра бер. Еліміздің жақсаруына үлесіңді қоса бер. Біз әрдайым саған қорған боламыз!

Сергей Киселев

zkadm
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз