Евсеев пен Жұқаев Уимблдонның негізгі кезеңіне шыға алмады

Евсеев пен Жұқаев Уимблдонның негізгі кезеңіне шыға алмады, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.06.2024 17:19 Сурет: ktf.kz
Уимблдон турнирінің іріктеу кезеңі өтіп жатыр. Қазақстандық теннисшілер Денис Евсеев (163 ATP) пен Бейбіт Жұқаев (208 АТР) іріктеу кезеңінің финалындағы кездесуін өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Денис Евсеев іріктеудің финалында Зиз Бергстен (Бельгия, 79 ATP) 1:6, 2:6, 2:6 есебімен жеңіліп қалды.

Кездесу 1 сағат 21 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде Евсеев бір рет эйс пен үш рет қос қателік жасап, бес брейк-пойнттың екеуін сәтті пайдаланды.

Ал Бейбіт Жұқаев франциялық Квентин Халистен (223 АТР) 3:6, 4:6, 4:6 есебімен ұтылды.

Жұқаев 1 сағат 39 минутқа созылған матч кезінде 14 эйс жасап, төрт рет допты ойынға қоса алмады және төрт брейк-пойнттың ешбірін сәтті пайдалана алмады. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: