Жұқаев пен Евсеев Шэньчжэнь турнирінің ширек финалында сүрінді

Денис Евсеев, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.10.2023 23:36 Денис Евсеев. Сурет: ktf.kz
Бейбіт Жұқаев пен Денис Евсеев Қытайдағы Шэньчжэнь челленджер турнирінің жартылай финалына шыға алмады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Денис Евсеев әлемнің 146-ракеткасы, америкалық Александр Ковачевичке 2:6, 4:6 есебімен есе жіберді.

Рейтингте 302-сатыдағы Жұқаев әлемнің 503-ракеткасы, белоруссиялық Егор Герасимовтан айласын асыра алмады – 7:6 (7:4), 2:6, 3:6.

Бейбіт Жұқаев. Сурет: ktf.kz

Бейбіт екінші сет басында жарақат алды, дегенмен қазақстандық теннисшы матчты аяғына дейін ойнады. Екі сағат 17 минутқа созылған тартысты бәсеке барысында Бейбіт 14 эйс жасап үлгерді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: