Бейбіт Жұқаев пен Денис Евсеев Португалияда ширек финалда кездеседі

Бейбіт Жұқаев, Денис Евсеев, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.05.2024 17:26 Сурет: ktf.kz
Қазақстандықтар, әлемнің 174-ракеткасы Бейбіт Жұқаев пен рейтингіде 177-орында тұрған Денис Евсеев Оэйраш (Португалия) челленджер турнирінің ширек финалына шықты.

Бейбіт екінші айналымда әлемнің 150-ракеткасы, америкалық Патрик Кипсонды жолдан тайдырды.

Екі сағатқа созылған тартысты матчта Бейбіт қарсыласын 7:5, 7:6 (7:5) есебімен ұтты. 

Денис Евсеев әлемнің 124-ракеткасы, тағы бір америкалық Эмилио Наваны қапы қалдырды - 7:6 (10:8), 6:0.

Енді ширек финалда Бейбіт Жұқаев пен Денис Евсеев өзара кездеседі. Қай жеңгені жартылай финалға жолдама алады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: