Қазақстандық теннисші Қытайдағы турнирде әлемнің бұрынғы 9-ракеткасын жеңіп кетті
Денис Евсеев. Сурет: ktf.kz
Қазақстандықтар Денис Евсеев пен Бейбіт Жұқаев Қытайдағы Шэньчжэн челленджер турнирін сәтті бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Дүниежүзілік рейтингте 260-орында тұрған Евсеев алғашқы айналымда жұптық сында 2015 жылғы Аустралия ашық чемпионатының және 17 ATP жарысының (соның 9-ы жекелей сында) жеңімпазы, әлемнің бұрынғы тоғызыншы, қазіргі 128-ракеткасы Фабио Фоньинимен кездесті.
Атақты қарсыласын 6:4, 7:6 (8:6) есебімен сүріндірген қазақстандық теннисші екінші айналымда қытайлық, рейтингте 585-орындағы Цуй Цземен сынға түседі.
Сондай-ақ әлемнің 302-ракеткасы Бейбіт Жұқаев бастапқы кездесуінде рейтингте 610-сатыдағы корт иесі Ли Чжэні жолдан тайдырды – 6:4, 6:4.
Бейбіт ширек финалға шығу үшін әлемнің 69, жарыстың 1-ракеткасы, аустралиялық Танаси Коккинакиспен кездеседі.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript