Жаңалықтар тізбегі
0

Жамбылдағы жарылыс кезінде қаза тапқандар жайлы мәлімет жарияланды

ҚР ҚМ, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.08.2021 15:55 ҚР ҚМ
Қорғаныс ведомствосы тарапынан қаза тапқандардың отбасыларына көмек көрсету бойынша барлық шаралар қабылданатын болады.

Жамбыл облысындағы инженерлік оқ-дәрі қоймасында болған өрттің салдарынан төрт әскери қызметкер қаза тапты, деп хабарлайды zakon.kz.

Жамбыл облысындағы инженерлік оқ-дәрілер қоймасында өрт салдарынан келісімшарт бойынша екі әскери қызметші – 1981 жылы туған сержант Марат Сайлауұлы Мешінбай және 1981 жылы туған ефрейтор Руслан Жүрсінбайұлы Жанболатов, 1969 жылы туған әскерилендірілген күзет қызметшісі азамат Оразбек Дайырбекұлы Далибаев қаза тапты, - дейді ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Төртінші марқұм әскери қызметкер - оңтүстік өңірдің әскери прокуроры, полковник Арман Қапезов.

Құзырлы ведомства мәліметінше, Сержант Марат Мешінбай мен ефрейтор Руслан Жанболатов өрттің алғашқы минуттарынан бастап әскери бөлімнің өрт сөндіру командасының құрамында болды. Жарылыстардың жанында болып, олар ауыр жарақаттар алды.

Әскерилендірілген күзет қызметшісі Оразбек Далибаев қойманы күзету жөніндегі қарауыл бастығының көмекшісі қызметін атқарды. Қызметтік міндеттерін атқаруда оқ-дәрілердің жарылуы салдарынан қаза тапты, деп нақтылады баспасөз қызметі.

Қорғаныс министрлігі қаза болғандардың туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады. Қорғаныс ведомствосы тарапынан қаза тапқандардың отбасыларына көмек көрсету бойынша барлық шаралар қабылданатын болады.

26 тамызда Жамбыл облысы, Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімдегі қоймалардың бірінің жанында өрт шықты. Қорғаныс министрлігі 10-ға жуық жарылыс болғанын хабарлады.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Тараз қаласы мен оған жақын орналасқан ауылдардың тұрғындарына жарылысқа байланысты үндеу тастады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: