Жарылыстан қаза тапқандар саны 9 адамға жетті
ҚР ҚМ
Қазір қаза тапқандардың аты-жөні анықталуда.
Соңғы мәліметтер бойынша, Жамбыл облысындағы қоймадағы жарылыс салдарынан барлығы 9 адам қаза тапты, деп хабарлайды zakon.kz.
Қаза тапқандардың арасында ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі, әскери бөлімшелер, әскерилендірілген күзет және әскери прокуратура қызметкерлері бар, деп хабарлады ТЖМ.
Қазір қаза тапқандардың кім екені анықталуда. Жоғалған 4 адам туралы деректер тексерілуде.
Алдын ала мәліметтер бойынша, ауруханаға Төтенше жағдайлар қызметінің 49 қызметкері түскен.
Оқиға орнында министр бастаған Төтенше жағдайлар министрлігінің жедел тобы жұмыс істеуде.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript