"Медотвод" қалай беріледі?

видеодан кадр видеодан кадр
Вакцинаны қандай жағдайда салдыруға болмайды?

Дәрігерлердің сөзінше, бүгінде екпенің қарсы көрсетілімдері бар бірнеше санатқа бөлінетін дерттің тізімі белгілі. Қазір елімізде халықты коронавирустан қорғаудың қарқынды науқаны жүріп жатқанын ескерсек, ақ халаттыларға медициналық анықтама алғысы келгендер көптеп баратын болған, деп хабарлайды zakon.kz "Еуразия" бірінші арнасына сілтеме жасап.

Елімізде індетке қарсы вакцинациялау науқаны қарқынды жүріп жатыр. Сауда орталықтары мен ауруханаларда ашылған мобильді бекеттерде екпе алғысы келген жандардың қарасы қалың. Бірақ, оны салдырмау үшін медициналық анықтамаға жүгінгендер де жетерлік. Жуырда эпидемиологтар препаратқа қарсы көрсетілімдері бар дерттің тізімін жариялады.

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің дерегінше, бүгінде екпенің түрлі компоненттеріне қарсы көрсетілімдері бар азаматтардың санаты белгілі. Ең негізгі вакцинаға салуға болмайтын дерттің түрі, ол – созылмалы аурулар, обструктивті және бронх демікпесі, аллергиялық аурулар. Сондай-ақ, екпенің құрамындағы заттарға қарсы аллергиясы бар азаматтарға коронавирусқа қарсы вакцина алуға шектеу қойылады. Ал, жүкті және бала емізетін әйелдер, 18 жасқа дейінгі балалар екпе салдырудан уақытша босатылады. Себебі, елімізге аталған азаматтарға арналған препараттар әлі жеткізілген жоқ.

Соңғы мәліметтерге жүгінсек, елімізде екпенің бірінші компонентін салдырғандардың саны 6,4 млн-нан асты. Бұл екпе алуға тиісті халықтың 50% құрайды. Ал, тұрғындардың 5 млн-нан астамы екі компонентін де ектірсе, енді бірі денсаулығына байланысты медициналық анықтама алуға емханаға келген.

Ал, ақ халаттылар вакцинаға салуға негізінен онкологиялық ауруларға шалдыққан адамдарға болмайтынын айтады. Ондай жандарға тіркелген емханасында медициналық құжат беріледі. Сондай-ақ, вакцинаның бірінші компонентін алған азаматтар, егер қарсы көрсетілімдер болса екінші препаратын да салдырмауға құқылы. Бірақ, бұл мәселе бойынша нақты шешімді учаскелік дәрігерлер қабылдайды.

Жәмилә Танлашева, №1 қалалық емханасы басшысының емдеу ісі бойынша орынбасары:

Туберкулез ауруларына салмаймыз. Және осының алдындағы прививкаларда алған екпеге реакция болса, анафилактикалық шок немесе отек болса олар босатылады. Инфекциялық жедел аурулар, ОРВИ-мен ауырса, инфекциялық аурулармен ауырса прививка салғызатын кезде, ол да жазылғанша салмаймыз.

Заңды медициналық анықтаманы алу үшін жергілікті емханадан бірқатар сынама тапсыру қажет. Егер денсаулықтағы кінәрат дәлелденсе, құжат 3 айдан 1 жылға дейін беріледі.

Марал Рахымжанова, ҚР ДСМ Санитарлық-эпидемологиялық бақылау комитетінің басқарма жетекшісі:

Жуырда мемлекеттік бас санитар дәрігерінің қаулысы шықты. Құжатта әр вакцинаның өзіндік қарсы көрсетілімдері бар екендігі айтылған. Азаматтардың иммунитеті алуан түрлі болғандықтан, денсаулығында кінәраты бар адамдарға қатты әсер етуі мүмкін. Сондай-ақ, негізгі қарсы көрсетілім ол ауыр аллергиялық реакция.

Айта кету керек. медициналық анықтама барлығына бірдей үлестірілмейді. Денсаулығында қарсы көрсетілімі бар тұрғындар өзінің мекенжайы бойынша тіркелген емханадан комиссиядан өтуі тиіс. Арнайы мамандар азаматтың жағдайын тексеріп, тиісті қорытынды шығарады. Жауапты ведомствоның дерегінше, бүгінде еліміз бойынша вакцинадан босатылған 15 мыңнан астам адам тіркелген.

zkadm
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз