Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыға «Спутник Лайт» вакцинасының 12 мың дозасы келіп түсті

Ревакциналау Сурет: Instagram/almaty_zdrav
Аталған вакцинаны 22 қаңтардан бастап Алматының барлық емханаларында салдыруға болады, деп хабарлайды Zakon.kz

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, бұл - вакциналаудың толық курсынан өткендерге қайта салынатын (ревакциналау) вакцина.

Ревакциналау вакциналаудың толық курсынан өткеннен кейін алты айдан ерте жүргізілмейді. "Sputnik Light" - бұл векторлық вакцина, оның құрамы Спутниктің бірінші компонентіне ұқсас. Вакцинаны минус 18 градусқа дейінгі температурада сақтау керек.

Алматыда ревакциналау үшін мыналар қолжетімді: QazVac, VeroCell және жаңадан келіп жеткен "Спутник Лайт" партиясы.

Pfizer препаратын оны алуға жататын контингент, сондай-ақ 60 жастан асқан адамдар мен медицина қызметкерлері қайта салдыра (ревакциналау) алады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз