Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда жалпыұлттық халық санағы басталды

Павел Михеев / zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.09.2021 15:30 Павел Михеев / zakon.kz
Орташа есеппен санақ сауалдарына жауап беруге 20-25 минут қажет.

2021 жылдың 1 қыркүйегінде Қазақстанда жалпыұлттық халық санағы басталды. Тәуелсіздік алған сәттен бастап елімізде халық санағы үшінші рет өтеді, деп хабарлайды zakon.kz Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шара алғаш рет цифрлық технологияларды қолдану арқылы өтпек. 1 қыркүйектен 15 қазанға дейінгі аралықта sanaq.gov.kz сайтында онлайн режимде халық санағынан өтуге болады. Сайт 24 сағат бойы қол жетімді,- деп хабарлады Ұлттық статистика бюросының басшысы Нұрболат Айдапкелов.

Онлайн режимінде санақтан өтпеген азаматтарды қамту үшін 1-30 қазан аралығында қажетті санитарлық нормаларды сақтай отырып интервьюерлердің сауалдарына жауап беру мүмкіндігі болады. Интервьюерлердің электрондық планшеттерді пайдалануы дәстүрлі кезеңнің басты жаңалығы болмақ.

Биылғы халық санағында 91 сұрақ қарастырылған. Алайда азаматтар сауалдардың барлығына жауап береді дегенді білдірмейді. Себебі, санақ парақтарында шетелге кеткен немесе елге келген адамдарға, тек қана әйелдерге қойылатын сұрақтар бар. Сондай-ақ, үйдің жағдайына қатысты сауалдарға тек үйдің иесі ғана жауап беретін болады.

Орташа есеппен санақ сауалдарына жауап беруге 20-25 минут қажет. Азаматтардың белсенділігі мен шынайы жауаптары халық туралы сапалы деректерді алуға негіз болады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: