Келесі халық санағы "цифровой" болады
ПМ
Санақ жүргізу үшін баяғыдай қағаз сатып алынбайды.
Мәжілісте ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов келесі жылы өтуі тиіс халық санағының ерекшеліктері туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
– Ия, дайындық жүріп жатыр. Халық санағы келесі жылға жоспарланған, цифрлық технологияларға басымдық беріп отырмыз. Қазір өңірлерде кеңжолақты интернет мәселесі жүзеге асырылуда. Халық санағына дейін көптеген шалғайдағы аудандарды интернетпен қамимыз, соның арқасында санақты сапалы әрі жылдам өткіземіз, – деді ол.
Оның сөзінше, халық санағына жұмсалатын қаражат келесі жылы бюджетке енгізіледі.
– Сомасы бұрынғыдай болар, көреміз. Тіпті үнемдеп қалуға да болады. Технологиялар жыл сайын арзандайды. Мысалы, 10 жыл бұрын санақ өткізгенде қағазға көп шығындандық. Бұл жолы асқан қажеттілік болмаса, қағаз қолданылмайды. Бланк дайындаудан көп үнеумдеуге болады. Планшеттер алып, оны мектеп, әкімдік, ауруханаларға таратып береміз, – деп атап өтті министр.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript