Жаңалықтар тізбегі
0

Мектеп асханасын жалға алушылар тамақ құнын көтеруді сұрайды

Павел Михеев / zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.09.2021 17:17 Павел Михеев / zakon.kz
Бүгінде баға 2020 жылғы қаңтар деңгейінде қалып, ҚҚС-ты есептеумен 376 теңгені құрайды.

Жаңа оқу жылы басталысымен мектеп асханалары іске қосылады. Алайда асханаларды жалға алушылар мектеп оқушыларына толыққанды тамақтануды қамтамасыз ету үшін бірқатар мәселені шешу қажеттігін мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz atameken.kz-ке сілтеме жасап.

Кәсіпкерлер бірінші кезекте күніне бір оқушыға шақталған бір реттік тамақтану құнын көтеруді сұрайды. Бүгінде баға 2020 жылғы қаңтар деңгейінде қалып, ҚҚС-ты есептеумен 376 теңгені құрайды.

Тамақтану құнын 600 теңгеге дейін өсіруді немесе өзіндік құн бойынша мәзірді қысқарту мәселесін қарастыруды сұраймыз. Өйткені 2021 жылы 6-7% инфляциялық үстеменің болмауы және тамақ өнімдері құнының 43%-ға дейін қымбаттауы, сондай-ақ тамақ жеткізушілерге байқау құжаттамасының техникалық тапсырмасына қарастырылмаған санитариялық шаралар – қорғану маскалары, санитайзерлер, термометрлер және басқа шараларды сақтауға байланысты салынған қосымша шығындар салдарынан жұмыс істеу тиімсіз, – деді Нұр-Сұлтан қаласы кәсіпкерлер палатасының директоры Алмат Жүнісов.

Жалға алушылардың айтуынша, елордада білім беру басқармасы бастауыш (1-4 сынып) сынып оқушыларына жыл сайын тегін тамақтандыруды ұйымдастырады. Осы қызметті атқаруға қала бюджеті есебінен тиісті қаржы қарастырылған.

Сонымен қатар кәсіпкерлер карантин шараларын сақтау шеңберінде асханалар 2020 жылдың наурызынан бастап жұмыс істемеді, енді жұмыс ұйымдастыру үшін оларға жақын арада 1500 жұмысшы керек.

Пандемия кезеңінде білікті персоналдың басым бөлігі қызметтен босады немесе қысқартылды. Жұмыс орындарына 1500 жұмысшы керек. Бұдан бөлек, қызметті 1,5 жыл мәжбүрлі тоқтатудан кейін асхана блоктарында жөндеу жұмыстары, дератизациялық, дезинфекциялық, дезинсекциялық жұмыстарын жүргізіп, желдету жүйесін тазалап, асхана бөлмелерін жуып-шаю қажет, – дейді жалға алушылар.

Санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтау үшін дезинфекциялық құралдар, қорғану маскалары, санитайзерлерді орнатып, сондай-ақ азық-түлік өнімдерін өзін сатып алуға қосымша қаржыландыру қажет.

Осы жұмыстарға алдын ала дайындала алмадық, өйткені жұмыс істеуге рұқсат беретінін-бермейтінін білмедік. Ал қызмет көрсетуге дайындық қаржы салуды талап етеді, сондықтан қаулының шығуын күттік. Бізге балалар денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық санитариялық нормативті қатаң сақтау керек, – деп атап өтті тамақтану саласы өкілдерінің атынан "Соотечественники" ЖШС директоры Анастасия Захаренкова.

Санитариялық нормаларға келер болсақ, жеткізушілер тамақтану залында ауа рециркуляторының болуына мектеп әлде жеткізуші жауапты екенін түсіндіруді сұрады, өйткені тамақтану залы тамақ жеткізушінің жалға алған ауданына кірмейді.

Сондай-ақ, жалға алушылар пандемия кезінде жұмысты тоқтата тұруға мәжбүр болғандықтан, жалға алу күнін нақты жұмыс басталған күннен есептеуді сұрайды. Келісімшартқа сәйкес, үш жыл жұмыс мерзімін ұзартуды есепке алғанда, бүгінде жұмыс істеуге тағы 1,5 жыл қалды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: