Қазақстандықтардың зейнетақы салымы жарты жылда 9,1% өсті

prodengi.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.07.2020 20:59 prodengi.kz
Зейнетақы төлемдерінің сомасы 2020 жылғы қаңтар-маусымда 82,2 млрд теңгені құрады.

2020 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша салымшылардың (алушылардың) зейнетақы жинақтары 2020 жылғы қаңтар-маусымда 986,0 млрд теңгеге немесе 9,1%-ға ұлғайып, 11 786,5 млрд теңгені құрады. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкі мәлім етті, деп хабарлайды zakon.kz.

2020 жылғы қаңтар-маусымда зейнетақы активтерін инвестициялаудан түсетін "таза" кіріс 543,3 млрд теңгеге 2020 жылғы 1 шілдеде 4 877,0 млрд теңгеге дейін ұлғайды.

Салымшылардың міндетті зейнетақы жарналары бойынша жеке зейнетақы шоттарының саны (зейнетақы жинақтары жоқ ЖЗШ есептегенде) 2020 жылғы 1 шілде 10,9 млн шотты құрады.

Зейнетақы төлемдерінің сомасы 2020 жылғы қаңтар-маусымда 82,2 млрд теңгені құрады.

2020 жылғы 1 шілдеде БЖЗҚ-ның жиынтық инвестициялық портфелінің негізгі үлесін Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары және Қазақстан Республикасы эмитенттерінің мемлекеттік емес бағалы қағаздары алады (зейнетақы активтерінің жалпы көлемінен тиісінше 41,8% және 26,9%).

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: