Тоқаев тәртіп орнатқысы келеді – Айсұлу Ерниязова

inform.kz inform.kz
Жүкті жұмыла көтерген маңызды.

Елде тәртіп орнату. Президенттің биылғы Жолдауын мен солай атар едім, деген пікірімен бөлісті «Қазақстанның волонтерлер лигасы» қоғамдық қорының төрағасы, жастар қозғалысының лидері Айсұлу Ерниязова, деп хабарлайды zakon.kz.

Жолдау жылдан жылға нақты, оның тапсырмалары қатты болып барады. Жолдауды ұйып тыңдаған мені қуантып қойған дүниелер мынау болды, дейді ол:

1. Азық-түлік бағасын бақылау керек, деді Президент. Өте керек еді мұндай бақылау баяғыдан бері. Саудагерлер мен олардың қожайындарынан әбден ұят кетпесін десек, қатаң бақылауға алу керек бағаларды.

2. Денсаулық сақтау саласы туралы. Қазақстандық вакцина туралы ештеңе демеймін, өйткені мен өзім биыл сәуірде Спутник екпесін салдырып алған едім. Жалпы, бұл тақырып енді әркімнің өз таңдауы десек те, мен өз үгітін жүргізетін антиваксерлерді түсінбеймін. Әділетсіз нәрсе бұл. Медициналық жабдықтардың 17% ғана Қазақстанда жасалатынын естідік бүгін. Бірақ 2025 жылға қарай оның үлесін 50%-ға жеткізу туралы тапсырма берілді. Солай болады деп үміттенейік.

3. Педагогтердің біліміне 1,2 трлн теңге бөлетін болды. Қазақстан мұғалімдерді қолдау саясатын жалғастыруда. Бәрі білімге келіп тіреледі, ертеңгі болашақ ұрпағымыздың білімді болғаны бәрімізге керек десек, онда мұғалімдерді қолдау қажет. Оларды айтпақшы, бүгінгі білім күнімен құттықтап қояйын!

4. Халық әкімнің жұмысын қалай бағалайтынан білу үшін тәуелсіз әлеуметтік сауалнамалар тетіктерін күшейту керек деген сөз айтылды. Бұл өте дұрыс бағыт, прогресске деген ынтамызды жеделдететін.

5.Әйелдер мен жастар үшін бөлінетін квоталардан бөлек, ерекше мұқтаждығы бар адамдарға квота бөлінетін болды. Негізі, меніңше, квота деген жөн нәрсе емес, біздің жас мемлекетіміз үшін ол маңызды да қажетт. Ерекше мұқтаждығы бар адамдардың күй-көңілін ерекше мұқтаждығы бар адам ғана түсінеді. Дамыған қоғамда баршаның құқығы бірдей ескерілуі тиіс. Сондықтан бұл да біздің қоғам үшін үлкен қадам болып отыр.

Әрине, экология, ұлтаралық келісім мен алаяқтықтың жол кесу маңызды. Сонымен бірге ең негізгі тақырыптың бірі ең төменгі жалақы мөлшерін көтеру туралы болды.

Ортақ нәтижеге жету үшін әркім өзіне жауапкершілік алып, жүкті жұмыла көтерген маңызды.

Президентімізге рахмет, осындай бағыт сілтеп бергені үшін. Мен әрбір мемлекеттік қызметкерге, депутат, дәрігер, педагог, волонтер, әрбір қызметкер мен Қазақстан азаматының атқаратын ісіне сәттілік тілеймін.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз