Дін мен мемлекеттің құқықтық реттелуі

zakon.kz zakon.kz
Дін мен мемлекет байланысының аражігін айқындайтын бірден бір құрал – мемлекетіміздің тарапынан қабылданған заңдар.

Өз тәуелсіздігімізді алғанымызға бүгінде 30 жыл толып отыр. Осы уақыт аралығына дейін қаншама адам келіп-кетіп жатты. Өздерімен бірге ұстанған діндерін де алып келгендірі өтірік емес. Сондықтан дін саласы бойынша құқықтық реттеу жүйесі мемлекетіміз үшін ауадай қажет екені сөзсіз.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 1 бөлім, 1 бабы бойынша: "Мемлекетіміз өзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары" екендігі нақты айтылады. Мемлекетіміздің басқару моделі көрші елдермен ұқсастығы бар болғанымен, өзіндік артықшылықтары бар. Әсіресе, конфессияаралық және ұлтаралық қарым қатынастарда көрінеді.

Дін мен мемлекет байланысының аражігін айқындайтын бірден бір құрал – мемлекетіміздің тарапынан қабылданған заңдар. Тәуелсіздігімізді алғаннан кейінгі ең алғашқы болып қабылданған заңның бірі – 1992 жылы "Діни сенім бостандығы мен діни бірлестіктер туралы" заң, 2011 жылы 11 қазанда "Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы" заң қабылданған болатын. Қазіргі уақыттағы дін мен мемлекеттің байланысының қандай екендігі "Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы" заңның 1 тарауы, 3 бабына сәйкес көруге болады:

  • Мемлекет діннен, дін мемлекеттен бөлінген және ешбір дін мемлекеттік немесе міндетті дін ретінде белгіленбейді;
  • Мемлекетіміздің білім беру саласы мен тәрбиелеу жүйесінде діни білім беру ұйымдарын қоспағанда, діни бірлестіктерден және діннен бөлінген;
  • Ең маңызды мәселелердің бірі бойынша ешкім өзінің діни нанымдарының себептері арқылы Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына көрсетілген міндеттерден бас тартуға құқығы жоқ делінген.

Жалпы мемлекет ешқандай діни бірлестіктің істеріне араласпайды, алайда айтылып отырған заңның 3 бабы, 8 тармақшасына қарасақ тек дiни бiрлестiктердiң қызметi Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келсе ғана мемлекет діни бірлестіктің қызметіне араласа алады.

Заңға қарайтын болсақ, діни бірлестіктер тарапанынан қайшы әрекеттер туындамас үшін "Діни қызмет саласындағы мемлекеттік реттеу" деген үлкен 2 – тарауды көруге болады.

Мемлекетіміздегі діни қызмет саласындағы реттілік уәкілетті орган және дінтану сараптамасы арқылы жүзеге асырылады. Негізінен уәкілетті органның атқаратын бірнеше қызметтері бар:

  • дiни бiрлестiктермен өзара iс-қимыл саласындағы мемлекеттік саясаттың негiзгi бағыттарын қалыптастыруға және iске асыруға қатысады;
  • республикадағы діни ахуалды зерделеуді және талдауды жүргізеді;
  • дiнтану сараптамаларын жүргізуді қамтамасыз етедi;
  • шет мемлекеттердiң діни қызмет саласындағы уәкілетті органдарымен ынтымақтастықты ұйымдастырады және жүзеге асырады.

Азаматтық қоғамның құқықтары мен бостандықтарын, физикалық және рухани қауіпсіздігін қорғау үшін мемлекеттік органдар дін саласындағы реттеуші функцияларды орындауға мәжбүр. Бұл жағдайда діни қызметті реттеудің маңызды құралдарының бірі ретінде дінтанулық сараптамасы рөл атқаруда. Дінтанлық сараптамасы діни бірлестіктер мен миссионерлерді тіркеу кезінде, діни сипаттағы материалдарды тарату кезінде де жүргізіледі.

Тоқсан ауыздың, тобықтай түйіні, біздің мемлекетіміз зайырлы мемлекет болып табылады. Мемлекетіміздің зайырлы сипаты азаматтық қоғам мүшелерінің заңдар мен құқықтық нормаларды қатаң сақтауын және өз қызметтерін осы құқықтық, заңнамалық шеңберде жүзеге асырылуын көздейді. Осы негізде зайырлылық – мемлекеттілік пен ұлттық қауіпсіздіктің берік тұғыры болып табылады.

Сәрсебаева Рауан Аманқызы,

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ “Конфликтологиядағы діни бірегейлік” мамандығының 1 курс магистранты

zkadm
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз