Жаңалықтар тізбегі
0

Бағдарламалар мен дағдарысқа қарсы шаралар тиімді орындалуы тиіс – Елбасы

Елбасы сайты, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.04.2020 00:06 Елбасы сайты
Менің барша халыққа айтарым, қабылданған шараларды қолдауға, бірлік, пен тәртіпке шақырамын. Мұның бәрі қазақстандықтардың мүддесі үшін жасалып жатыр – Назарбаев.

Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен елордада Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтті, деп хабарлайды zakon.kz elbasy.kz сайтының хабарламасына сілтеме жасап.

Бейнеконференция режимінде өткен отырыс барысында коронавирус індетіне қарсы тұрудың стратегиялық мәселелері, сондай-ақ елдің экономикасын қалпына келтіру және дағдарыстан кейінгі даму мәселелері қаралды.

Елбасы дағдарысқа қарсы шараларды жүзеге асыру үшін барлық деңгейдегі мемлекеттік органдардың тиімді жұмысын қамтамасыз ету қажеттігін айтты.

- Қазақстанды нақты жоспар бойынша бір орталықтан басқарылатын тиімді корпорация ретінде қарастыратын уақыт жетті. Ауыл әкімінен бастап Үкімет мүшесіне дейінгі барлық мемлекеттік басқарушылар өз жұмыстарын қайта құрып, нақты нәтижелерге қол жеткізулері керек. Елге экономиканы қалпына келтіретін, жұмыссыздықты азайтып, халықты азық-түлікпен және қажеттінің бәрімен қамтамасыз ететін шаралар қабылдауға дайын батыл менеджерлер қажет, - ҚР Тұңғыш Президенті.

Қорытындылай келе, Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы 2020 жылғы дағдарыстан кейін ел дамуына дер кезінде жаңа көзқарас қалыптастыру қажеттігін атап өтті.

- Біздің бұл дағдарысты жеңетінімізге сенімдімін. Әкімдер мен министрлер жеке жауапкершілікке ие. Үкімет барлық мемлекеттік бағдарламалар мен дағдарысқа қарсы шаралардың тиімді орындалуын бақылауды қамтамасыз етуі керек. Менің барша халыққа айтарым, қабылданған шараларды қолдауға, бірлік, пен тәртіпке шақырамын. Мұның бәрі қазақстандықтардың мүддесі үшін жасалып жатыр, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: