Смартфонның жады толып кетсе, оны қалай тез тазалауға болады?

zakon.kz zakon.kz
Уақыт өте келе, телефонның қатып қалуын, баяу жұмыс істеуін болдырмас үшін зауыттық параметрлерді қалпына келтіруге болады - маман.

Смартфон жадысын бірнеше гигабайтқа бір сәтте босату үшін мамандар мессенджерлердің кэштегі деректерін жою арқылы тазарту әдісін ұсынады, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл - өте тиімді және жылдам әдіс, деп жазады RG.ru.

Олай жасау өте қауіпсіз - смартфондағы жойылған барлық деректер қосымша бұлтты жадыда сақталып қалады, керек болған жағдайда оны қайта жүктеп алуға болады.

Смартфон ұстайтын жандардың сирек қолданатын тағы бір әдісі бар. Ол - қолданылмайтын фотосуреттер мен қосымшаларды өз уақытында жойып отыру.

Сонымен қатар, сарапшылар қажетсіз қосымшаларды апта сайын жойып отыруға кеңес береді. Уақыт өте келе, телефонның қатып қалуын, баяу жұмыс істеуін болдырмас үшін зауыттық параметрлерді қалпына келтіруге болады. Телефонның операциялық жүйесі жадысын тазартудың тағы бір әдісі бар: смартфонға біраз уақыт жылдам жұмыс істеуі үшін арнайы қосымшаны жүктеп, тазартуға болады.

Сонымен қатар, файлдар мен фотоларды үнемі сақтауға болатын қосымша жады ұстап, телефонды таза ұстауға мүмкіндік туғызуға болады.

Android телефонының жадын қалай тазартуға болады

Әдетте, смартфон мәзірінде оперативті жады мен ұдайы жады екі түрлі бөлімде орналасады. Олар, кейбір смартфонда "жады" және "оперативті жады" деп жазылады. Телефонның моделіне байланысты аталмыш бөлімдердің орналасуы әртүрлі болып келеді (мысалы, Samsung -те олар Smart Manager мәзірінде орналасқан).

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз