Жаңалықтар тізбегі
0

Жоғалған әскери билетті қалай тез қалпына келтіруге болады

Павел Михеев / zakon.kz Павел Михеев / zakon.kz
2021 жылдың басынан бастап облыстың ХҚО-лары арқылы 6 мыңға жуық әскери билет қалпына келтіріп берілді.

"Азаматтарға арналған үкімет" ШҚО филиалының өкілдері әскери билетті жоғалған жағдайда қалай тез қалпына келтіру керекігін хабарлады. Оны екі тәсілмен – eGov порталы арқылы немесе ХҚО жүгіну арқылы қалпына келтіруге болады, деп хабарлайды zakon.kz.

Әскери билетті eGov арқылы қалпына келтіру үшін порталда авторизациядан өтіп, "Запастағы офицерлерге, сержанттарға, сарбаздарға әскери билеттер (әскери билеттердің орнына уақытша куәліктер) немесе олардың телнұсқаларын беру" қызметін таңдау қажет. Бұдан кейін "Қызметтерге онлайн тапсырыс беру" батырмасын басып, ЭЦҚ немесе смс-пароль арқылы қол қою қажет болатын арнайы өтінімді толтырасыз.
Қызмет тегін, қызмет көрсету мерзімі 5-7 жұмыс күніне дейін.

Егер сіз "Әскери билетті" ХҚО арқылы қалпына келтіруді шешсеңіз, онда сізге құжаттар тізбесін жинау қажет болады. Қандай құжаттар қажет екенін ХҚО кеңесшілерінен немесе 1414 нөмірі бойынша білуге болады.
Қызмет көрсету мерзімі 10 жұмыс күні.

ХҚО-ға жүгінген кезде, өзіңізбен бірге талаптарға сай түсірілген 3х4 фотосуреті болуы керек. Сондай-ақ фотосурет өтініш берушінің жасына сәйкес келуі және қатаң түрде ашық фонда толық көлемде түсірілуі тиіс, адамның бет-жүзі жалпы фотоалаңының 70%-ын алуы тиіс.

2021 жылдың басынан бастап облыстың ХҚО-лары арқылы 6 мыңға жуық әскери билет қалпына келтіріп берілді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: