Елордада мектептен өрт шығып, оқушылар эвакуацияланды

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.09.2021 18:36 zakon.kz
Полиция мектеп оқушылары мен мұғалімдерін қауіпсіз жерге эвакуациялап, жақын маңдағы көшелерді қоршауға алды.

Нұр-Сұлтанда мектептегі өртке байланысты оқушылар эвакуацияланды, деп хабарлайды zakon.kz.

Бүгін сағат 09.10-да "102" шұғыл байланыс желісіне Иманбаев көшесіндегі No54 орта мектепте өрт болғаны туралы қоңырау келіп түсті, деп хабарлады қалалық ПД.

Полиция мектеп оқушылары мен мұғалімдерін қауіпсіз жерге эвакуациялап, жақын маңдағы көшелерді қоршауға алды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.

Оқиға орнында арнайы техника тартылды, өрттің аумағы 8 шаршы метрді құрады. Өрт толығымен сөндірілді. Алдын ала мәліметтер бойынша, өрттің шығуына себеп - электр сымдарының қысқа тұйықталуы. Аталған факті бойынша тексеру жүргізілуде, - деп хабарлады полициядағылар.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: