Жаңалықтар тізбегі
0

Алматы облысында полицей өрт шыққан үйден бір отбасын құтқарды

Newsroom.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.12.2020 01:28 Newsroom.kz
Ол отбасының мүшелерін қауіпсіз жерге алып шықты.

Алматы облысы Жамбыл ауданының патрульдік полицейлері әкімшілік аумақты автопатрульдеу кезінде таңға жуық Б. Қыдырбекұлы ауылы тұрғындарының көшеге жаппай шығып жатқанын байқаған. Жедел оқиға орнына жеткенде көпқабатты үйдің жертөлесінен өрт шыққанын анықтап, төтенше жағдай қызметін көмекке шақырған, деп хабарлайды zakon.kz Алматы облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Талап бойынша тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында учаскелік полиция инспекторы сыртта қалып, оның сол күнгі серіктесі патрульдік полиция инспекторы Асанжан Садыков шұғыл түрде пәтерлерді аралауға кіріскен.

"Төрт қабатты үйдің кіреберісі түтінге толы болды. Ештеме көрінбейді. Дегенмен, пәтерлерді аралай бастадым. Екінші қабатқа шыққанда баланың дауысы естілді. Бірден төртінші қабатқа жүгірдім. Пәтердің ішіне кіргенде екі баласы бар әйел бар екен. Олар есі шығып, шығатын жол таппай қалыпты. 3 және 5 жастағы екі қыздың бірін мен, екіншісін өрт сөндіруші қызметкер көтеріп, әйелді жетектеп далаға шықтық", - деді полиция кіші лейтенанты Асанжан Садыков.

Өрт сөндірушілердің ақпараты бойынша, өртенген аумақ аз ғана болғанымен, оқиғаның таңға уақытта орын алуы және улы түтіннің толып қалуы өте үлкен қауіп төндірген.

Қажетті көмектің дер кезінде жетіп, шұғыл шаралар қабылдануының арқасында тұрғындардың ешқайсысы зардап шекпеген.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: