"Келсек, салбырап тұр". Отбасылық жанжалдан соң ер адам асылып өлмек болды
pixabay.com
Кейін белгілі болғандай, 39 жастағы Теміртау тұрғыны бір күн бұрын әйелімен қатты ұрсысып қалыпты. Мәселе ажырасу жағдайына жеткен.
Қарағанды облысында ер адам ауыр жүк көлігіне арқан байлап, асылып өлмек болды, деп хабарлайды zakon.kz.
Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, ауыл тұрғындары учаскелік полиция бөліміне көшеде мас біреу самосвал айдап жүргенін айтып, шағымданған.
Жүргізуші жүк тиейтін кузовты көтерген, ал ол көтерілген кезде телефон сымдарын үзген. Куәгерлердің айтуынша, автокөлік көшенің соңына қарай кетіп, содан соң көзден таса болған, деп хабарлады департаменттегілер.
Тәртіп сақшылары самосвалды ауылдың шетінен тапты.
Ер адам жүк көлігіне арқан байлап, соған асулы тұрған. Оны бірден босатып алды. Есінен танып қалғанымен, ер адам тыныстай алып жатты. Оқиға орнына жедел жәрдем көлігі шақырылылды, - деді тергеуші.
Кейін белгілі болғандай, 39 жастағы Теміртау тұрғыны бір күн бұрын әйелімен қатты ұрсысып қалыпты.
Жағдай ушығып, ажырасу мәселесі туындады. Ер адам жүк көлігінің рөліне отырып, туыстарына келген. Бірақ олармен болған сөз жанға шипа болмады, сондықтан ол алкогольді ішімдікке бас қойып, өз-өзіне қол жұмсауға бел буған, - дейді полициядағылар.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript