Алматы облысында ер адам әйелімен жанжалдан соң үйін өртеп жіберді

Өртенген үй, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.02.2022 13:14 Сурет: Алматы облысы Полиция департаменті
Алматы облысының 44 жастағы тұрғыны әйелімен жанжалдасып, өз үйін өртеп жіберді. Сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды Zakon.kz
15 ақпанда Талғар ауданындағы саяжайлардың бірінде үй өртенді. Өртке оранған ғимараттан әйел мен екі кішкентай бала қашып үлгерсе, отағасын шуға қарай жүгірген көршілер аман алып қалды.Алматы облысы ПД баспасөз қызметі

Үйді өртеп жіберді деген күдікпен 44 жастағы отағасы ұсталды. Ол қылмысын мойындады. Ер адам әйелімен жанжалдан соң осындай әрекетке барғанын түсіндірді.

Сурет: Алматы облысы Полиция департаменті

ҚР Қылмыстық кодексінің 202-бабы «Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Мұндай істер бойынша міндетті сараптамалар бүгінге белгіленді. Күдіктіге қатысты түпкілікті шешім тергеу аяқталған соң шығарылады.Алматы облысы ПД баспасөз қызметі
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: